08.09.2015, 20:08 3846

"Қазавиақұтқару"АҚ тікұшағымен қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты қарсы алушы топ тасымалданады

12 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш стансасына сапарынан жерге оралатын Айдын Айымбетовты мен экипаж мүшелері Геннадий Падалка, Андреас Могенсенді қарсы алушы топ өкілдерін тасымалдауға ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ-ныӊ 2 тікұшағы: "МИ-8" және "Еврокоптер- 145" сақадай - сай тұр

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 12 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш стансасына сапарынан жерге оралатын Айдын Айымбетовты мен экипаж мүшелері Геннадий Падалка, Андреас Могенсенді қарсы алушы топ өкілдерін тасымалдауға ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ-ныӊ 2 тікұшағы: "МИ-8" және "Еврокоптер- 145" сақадай - сай тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айдын Айымбетов 2 қыркүйек күні СОЮЗ ТМА 18 М ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш стансасына ұшқан болатын. Отандасымыз мұнда бірқатар ғылыми тәжірибелер, атап айтсақ экология, физика және медицина саласында зерттеулер жүргізуде. Сондай-ақ, бұл күндері қазақ ұлттық тағамдарын ғарышкерлер рационына енгізу тәжірибеден өткізіліп жатыр.

Айта кетер бір жайт, Айдын Айымбетов бұл сапарын Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына, Ата заӊымыздыӊ 20 жылдығымен Жеӊістіӊ 70 жылдығына арнайтындығын айтқан болатын.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті "Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны