22.01.2008, 17:56 3092

"Казцентр-ТВ" компаниясы Ресейдің Бірінші арнасы мен бес тематикалық "Цифрового телесемейства" арнасын таратып көрсетуді бастайды

"Казцентр-ТВ" компаниясы Ресейдің Бірінші арнасы мен бес тематикалық "Цифрового телесемейства" арнасын таратып көрсетуді бастайды

Алматы. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Казцентр-ТВ" компаниясы Қазақстан аумағында кабельдік желілерде Ресейдің Бірінші арнасы мен бес тематикалық "Цифрового телесемейства" арнасын таратып көрсетуді бастайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Бірінші арна мен "Казцентр-ТВ" компаниясының өкілдері жария етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің "Казцентр-ТВ" компаниясымен ынтымақтастығымыз әлі де көптеген қазақстандық отбасыларының тек Бірінші арнаны ғана емес, "Цифрового телесемейства" тәулік бойы көрсетілетін бес арнаны, атап айтқанда "Дом кино", "Время", "Музыку Первого", "Теленяня" және "Телекафе" арналарын көруге мүмкіндік береді", - деді ресей телеарнасының өкілі Александр Нечаев.

"Мен біздің бүгін жария етіп отырған "Казцентр-ТВ" компаниясымен ынтымақтастығымыз ғұмырлы, берік болатындығына және тек Қазақстанда орыс тілді телевизияны дамытуға ғана емес, жалпы Қазақстандағы телевизияны дамытуға бағатталады, және де біздің еліміздің арасындағы тарихи байланыстарды нығайтып, оны одан әрі тереңдете түседі деген үміттемін",- деп атап өтті А. Нечаев.

Ол сондай-ақ, "Казцентр-ТВ" компаниясы "Цифровое телесемейство" жобасын - өткен жылдың қараша айынан бастап шыққан тәулік бойы көрсетілетін "Телекафе" аспаздық арнасын Ресейден тыс аумақта тарату құқығын алған Бірінші арнаның алғашқы шетелдік серіктесі, екендігін хабарлады.

"Бірінші арна еураазиялық кеңістіктегі телевизиялық сапа көрсеткіші ретінде танылған. Біз бүкіл Қазақстан бойынша кабельдік желінің ондаған мың абоненттеріне Бірінші арна мен "Цифровое телесемейство" бағдарламаларын ұсынғанымызға өте қуаныштымыз",- деді "Казцентр-ТВ" компаниясының директоры Айдар Жұмабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны