17.10.2018, 17:31 4286

"Қазгидромет" алдағы қысқа арналған Қазақстандағы ауа райы болжамымен бөлісті

Қарашаныӊ бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерініӊ ортасында, аяз кәдімгідей сезіледі

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі "Қазгидромет" РМК алдағы қысқы кезеӊдегі ауа райы болжамына арналған баспасөз маслихаты өтті. Гидрометорталықтыӊ директоры Марина Шмидт пен Гидрометорталықтыӊ Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасыныӊ басшысы Гүлмира Акишева спикерлер ретінде болды.

Іс-шара барысында Гидрометорталықтыӊ Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасыныӊ басшысы Гүлмира Акишева, алдын ала болжам бойынша қараша айында синоптикалық процесстердіӊ жиі алмасуына байланысты күн-райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, түнгі және күндізгі уақыттары тұман басып, жолдарда көктайғақ орнайтындығын хабарлады.

Қарашаныӊ бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерініӊ ортасында, аяз кәдімгідей сезіледі: Қазақстанныӊ солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10...20 аязға дейін, күндіз 5...10 аязға төмендесе. Оӊтүстік жартысында түнде 5...10 аязға, күндіз 0...5 аязға төмендейді.

Гидрометорталықтыӊ директоры Марина Шмидт атап өткендей, ұзақ мерзімді консультативтік болжамға сәйкес (дәлдігі 55-60%), келе жатқан қыс Қазақстанда суық және жауын-шашынныӊ жауатын мөлшері нормаға сәйкес күтіледі.

Желтоқсан айында суық антиклонныӊ жиі енуіне байланысты ауаныӊ орташа айлық температурасы 1 ИС төмен және қар аз жауады деп күтілүде. Тек еліміздіӊ батыс және шығыс өӊірлерде температуралық фон нормаға жуық және жауатын қардыӊ мөлшері солтүстік-шығыс, оӊтүстік-батыс, оӊтүстік облыстарыныӊ кей жерлерінде, сонымен қатар оӊтүстік-шығыс және шығыс аймақтардыӊ тау және тау-бөктерлі аймақтарда нормаға жуық жауады.

2019 жылғы қаӊтар айында Сібір антициклонныӊ орнауымен еліміздіӊ көптеген өӊірлерінде сарышұнақ аяз орнап қар аз жауады. Тек еліміздіӊ батыс және оӊтүстік аймақтарда қыс айтарлықтай жұмсақ болады және де жауатын қардыӊ мөлшері батыста, оӊтүстік және оӊтүстік-шығыс облыстарыныӊ тау-бөктерлі аймақтарыныӊ кей жерлерінде мөлшерге жуық күтілүде.

Ақпан айында суық ауа массаларыныӊ енуіне байланысты ауаныӊ орташа айлық температурасы 1...2 ИС төмен болмақ, тек оӊтүстік-шығыс аймақтарда климаттық нормаға сәйкес болжануда. Жауатын қардыӊ мөлшері еліміздіӊ батыс және онтүстік-шығыс облыстарында, сонымен қатар онтүстік және шығыс тау және тау бөктерлі аймақтарыныӊ кей жерлерінде мөлшер шамасында күтіледі.

Күнтізбелік көктемніӊ басталуы орташа көп жылдық мерзімінде күтіледі, суық және жылымық күндер алма-кезек ауысатына байланысты құбылмалы болады, сондай-ақ көп мөлшерде жауын-шашын болжанады.

Ауаныӊ орташа айлық температурасы мөлшерден 1ИС жоғары күтіледі, тек батыс, онтүстік және онтүстік-шығыс аймақтарда - нормаға сәйкес болмақ.

Наурыз айында жауын-шашынныӊ айлық мөлшері нормадан көп деп күтіледі, тек онтүстік-батыс және онтүстік-шығыс аймақтарында - норма шамасында күтіледі.

2018 жылғы қараша - 2019 жылғы наурыз аралығына арналған консультативтік ауа райы болжамы ТЖ қызметіне және жергілікті атқарушы органдарына қыс аралығына дайындық үшін жолданған болатын.

Спикерлер атап өткендей, маусымдық болжам 55-60% дәлелділікпен консультациялық сипатта беріліп отыр, ол кейіннен айлық, онкүндіктік ауа райы болжамдарымен және осыдан қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны