22.07.2016, 18:43 4678

Қазгидромет Астанадағы нөсер жаӊбырға қатысты түсініктеме берді

22 шілде түнгі уақытта Астанада 14 мм жаӊбыр жауды. Жалпы 1-22 шілде аралығында елордада 49,3 мм жаӊбыр жауған, қалыпты деӊгей - 50 мм екендігін ескеретін болсақ, нормадан ауытқу 99 пайызды құрады.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Қазгидромет Астанадағы түнімен жауған нөсер жауынға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"22 шілде түнгі уақытта Астанада 14 мм жаӊбыр жауды. Жалпы 1-22 шілде аралығында елордада 49,3 мм жаӊбыр жауған, қалыпты деӊгей - 50 мм екендігін ескеретін болсақ, нормадан ауытқу 99 пайызды құрады. Жақын күндері 23 шілде түнде және 24 шілде күндіз қысқа мерзімді жаӊбыр мен нөсер болады. Кейін температура біртіндеп жоғарыла бастайды, түнде 13-15 градус, күндіз 23-28 градус жылы", - деп атап өтті "Қазгидромет" РМК қысқа мерзімді ауа-райы болжамы басқармасыныӊ басшысы Ардақ Қалменова "ҚазАқпарат" тілшісіне берген жауабында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұныӊ алдында "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлағанындай, Астанада нөсерлетіп жауған жаӊбырдан қала көшелерін су басып, адамдар мен көліктердіӊ қатынауына едәуір қиындықтар туғызған. Синоптиктердіӊ мәлімдеуінше, демалыс күндері Қазақстанныӊ басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынды болады.

Астанада Орынбор, Қонаев, Республика, Бауыржан Момышұлы сияқты орталық көшелерді су басқан.

"Орынбор-Қонаев қиылысында 10 нөмірлі маршруттыӊ ішіндегі жолаушылар жолдағы оқиғаны өздерініӊ смартфондарына түсіріп алған. Онда автобустыӊ су үстімен "жүзіп" өткенін көруге болады", - дейді қала тұрғындарыныӊ бірі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны