12.07.2018, 20:21 3864

"Қазгидромет" РМК мен Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі шартқа қол қойды

Сондай-ақ Қазгидрометпен СҚО шаруа қожалықтарымен және фермерлік шаруашылықтарымен кездесудіӊ нәтижелері бойынша Шарттарға қол қойылды, соларға сәйкес Қазгидромет шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға агрометеорологиялық болжамдар мен ақпарат ұсынатын болады.

Петропавловск. 12 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 10 шілдеде Петропавловск қаласында "Қазгидромет" РМК Бас директоры Марат Полатұлы Кынатовтыӊ Солтүстік Қазақстан облысы Икімініӊ бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровпен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына арналған "Ақылды технологиялар" - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі Жолдауын іске асыру мақсатында, "Қазгидромет" РМК мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ арасында Шарт жасалды, ол егін егу мен егінді жинауға арналған өнімді уақытты болжаудыӊ заманауи технологияларын ендіру, минералды тыӊайтқыштарды енгізу мен зиянкестермен күрес, шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға агрометеорологиялық қызмет көрсету мен өнім беру жолымен СҚО-да агрометеорологиялық мониторинг жүйесін дамытуды болжайды.

Сондай-ақ Қазгидрометпен СҚО шаруа қожалықтарымен және фермерлік шаруашылықтарымен кездесудіӊ нәтижелері бойынша Шарттарға қол қойылды, соларға сәйкес Қазгидромет шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға агрометеорологиялық болжамдар мен ақпарат ұсынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны