25.02.2015, 09:53 4224

ҚазГЗУ-ніӊ базасында ҚР ІІМ жоғары оқу орындарыныӊ басшылары үшін "Қазақ гуманитарлық-заӊгерлік университетініӊ жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі туралы" тақырыбы бойынша семинар-кеӊес өткізілді.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Семинар-кеӊес Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы Қоғамдық кеӊес шешімініӊ негізінде өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Семинар-кеӊес жұмысына ІІМ-ніӊ орталық аппаратыныӊ, ҚР ІІМ-ніӊ Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларыныӊ, ҚР ІІМ Ақтөбе заӊ институтыныӊ өкілдері, Төтенше жағдайлар комитетініӊ техникалық институтыныӊ, сондай-ақ ҚазГЗУ қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеӊестіӊ ашылу рәсімінде "ҚазГЗУ" АҚ президенті, з.ғ.д., профессор Мақсұт Нәрікбаев, ІІМ жанындағы Қоғамдық кеӊес төрағасы, з.ғ.д., профессор Марат Қоғамов, ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығыныӊ орынбасары Қуаныш Күмісбеков сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылардыӊ назарына ҚазГЗУ-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасы, университеттегі оқу процесін ұйымдастырудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздер және оқушыларды компьютерлік тестілеу рәсімін жетілдірудіӊ нақты әдістері ұсынылды.

Қатысушыларды ҚазГЗУ-діӊ Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ жұмысы қызықтырды, онда қазіргі уақытта оқушыларға, олардыӊ ата-аналарына және университет қызметкерлеріне қызметтіӊ кеӊ түрі көрсетіледі, сондай-ақ электрондық үкімет (e-gov) базасында электронды сандық қолдарды ұстайтындарға бірқатар мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі ұсынылады.

Сонымен қатар университетте қолданылатын оқушылардыӊ білімдерін аралық және қорытынды бақылау тәртібі, тестілік тапсырмаларды әзірлеу және сараптау рәсімдері, сондай-ақ университетте жүргізілетін оқушыларды компьютерлік тестілеу жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына кедергі келтіруші техникалық шешімдер қатысушылардыӊ назарын аударды.

Жасалған баяндамалардыӊ нәтижелері бойынша қызу пікірталас болды.

Семинар-кеӊес соӊында ҚазГЗУ-діӊ бас корпусы бойынша экскурсия өткізіліп, қатысушылар жетекші қазақстандық ғалымдардыӊ атымен аталатын аудиторияларды, оқу сот залы, криминалистік полигон, тестілік тапсырмаларды әзірлеу бөлмелерін, емтихан тапсырылатын аудиторияларды, университет жанында жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттарын, ҚазГЗУ музейін, қызметкерлер мен студенттер үшін рекреациялық және спорт аймақтарын аралады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны