17.12.2017, 19:18 4579

Қазыбек бидіӊ 350 жылдығына орай "Қазақфильм" деректі фильм түсірді

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтыӊ ұлы биі, қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек бидіӊ өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильмніӊ тұсаукесер рәсімі өтті.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтыӊ ұлы биі, қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек бидіӊ өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильмніӊ тұсаукесер рәсімі өтті. Қазыбек бидіӊ 350 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл деректі туынды "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында түсірілген.

Фильмніӊ сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен кинодраматург, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Авторлар бұған дейін шығармашылық бірлестікте "Мәди Бәпиұлы" және "Тәттімбет Қазанғапұлы" атты деректі фильмдерді түсірген.

- Иуелі Қарағанды облысын көктей өтіп, сонан соӊ Павлодар облысына

шықтық. Бұл өлкелерде Қазыбек би бабамыздыӊ табаныныӊ ізі қалған. Сондай-ақ, Оӊтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да түсірілімдер жүргіздік. Сонан соӊ, Астана асып, Қаз дауысты Қазыбек бидіӊ өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеген ғалымдармен сұхбатастық. Ұлы биден қалған жалғыз жәдігер - алтын зерлі шапанды таспаладық. Қайта айналып, Қаз дауысты Қазыбек бидіӊ 350 жылдық тойына қатыстық, - деді сценарий авторы әрі фильмніӊ теӊ режиссері Ерлан Төлеутай.

Фильмде Қытай мен Ресейдіӊ мұрағатынан Қазыбек биге қатысты деректер мен ел аузындағы аӊыздар қолданылған. Тарихи құжаттармен қатар, қойылымдық сахналар енгізілген бұл фильмге еліміздіӊ театр және кино актерлері түскен. Қазыбек бидіӊ рөліне ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері, актер, Керей хан рөлімен қалыӊ көрерменге танылған Қайрат Кемалов шақырылған. Сонымен қатар, фильмде Алдабек Шалбаев, Саят Мерекенов, Іӊкәр Ибдіраш, Зарина Кәрмен және Абылай ханныӊ ұрпағы Абылай Қашқынбаев та бой көрсеткен.

Ал фильмніӊ басты кейіпкерлерініӊ бірі - Қазыбек бидіӊ ұрпағы, белгілі қоғам қайраткері, антиядролық қозғалыстыӊ белсенді мүшесі, суретші К?ріпбек Күйіков.

- Қаз дауысты Қазыбек би 1764 жылы ақпан айында қайтыс болғанда қыс қаһарлы, қар қалыӊ болғандықтан, жер аяғы кеӊігенше деп баласы Бекболат пен Едіге билер ұлы бидіӊ м?йітін сөреге сақтауға ұйғарған. Осы қыс айында болған оқиғаны суреттеу үшін Алатаудыӊ бір асқар биігі - 3800 метрлік "Молодежный" аталатын биік шыӊына шығып, алты қанат үй тіктік. Өйткені мезгіл тамыздыӊ соӊы, Алатауға қар түсіп үлгермегендіктен, осылай жаннан безіп, мәӊгі мұздықтарға көтерілуге мәжбүр болдық. Алатаудыӊ құлама жартасты, түпсіз шыӊырауларынан асып өткеніміздіӊ өзі бір ғажайып хикая, - деді Ерлан Төлеутай.

Өндірісі: Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы.

Сценарий авторлары әрі режиссерлері: Ғазиз Насыров, Ерлан Төлеутай

Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Марс Умаров

Композиторы: Ибілқайыр Жарасхан

Костюм жөніндегі суретші: Айгерім Сапарова

Фильмніӊ монтажын жасаған: Сергей Вильковиский

Анықтамалық ақпарат:

Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқыныӊ XVII - XVIII ғасырлардағы ұлы үш биініӊ бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек - есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектіӊ оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әӊгіме, аӊыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оныӊ өз заманында білімді де жетелі, халықтыӊ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заӊдарын мейлінше мол меӊгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аӊғартады. Иділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздіӊ Бас биі еткен. Би Из Тәукеніӊ тұсында хан кеӊесініӊ белді мүшелерініӊ бірі болса, Сәмеке, Ибілмәмбет, Абылай ел билеген кезеӊдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеӊестер беріп отырған. Сондай-ақ, Төле би және Ийтеке бимен бірлесіп, халқымыздыӊ әдет-ғұрыптарына сүйене отырып "Жеті жарғыны" шығарған.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны