28.09.2006, 11:19 2970

"Қазына" қорының басшылығы жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшылығы жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Қазына" қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін парламент сенатының қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, "Қазына" тұрақты даму қоры" акционерлік қоғамының басқармалары төрағасы мен оның орынбасарларының жалақысы 5 мың АҚШ долларын құраған, "ал түрлі үстемелерді қосқанда жалақы көлемі айына 10 мың долларға жететін болған".

"Кеше "Қазына" қорының жетекшілері басшылықтың жалақысы түрлі қосымшаларды қоса есептегенде ай сайын 5 мың доллардан аспауға тиіс деген шешім қабылдады",- деді Қ.Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны