13.09.2007, 14:15 3005

"Қазына" қорының басшылығында өзгерістер болды

"Қазына" қорының басшылығында өзгерістер болды. Жаннат Ертілесова өз өтініші бойынша "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АСТАНА. "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшылығы құрамында ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды агенттік қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 қыркүйек, дүйсенбіде Жаннат Ертілесова өз өтініші бойынша "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ж. Ертілесова "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-да 2007 жылдың 19-маусымынан бері жұмыс істеген.

"Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ 2006-жылғы сәуір айында экономиканы әртараптандыру және бәсекелестік қабілетіне қол жеткізу үшін экономиканың шикізат емес секторына жұмсалатын инвестиция көлемін ұлғайту және инновациялық іс-қызметті арттыру үшін құрылған.

Қазірде "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ даму институттарының (Даму банкі, Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету орталығы, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпоарциясы) бірден-бір акционері болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны