08.11.2018, 15:58 7352

Қазіргі уақытта "KazSat-2" және "KazSat-3" ұлттық ғарыш аппараттары сәтті жұмыс істеуде

Қазіргі уақытта "KazSat-2" және "KazSat-3" ұлттық ғарыш аппараттары сәтті жұмыс істеп тұр, олардыӊ ресурстарын 15 спутниктік оператор пайдалануда, Қазақстанныӊ бүкіл аумағы бойынша спутниктік байланыстыӊ 11 000 астам жерүсті станциялары жұмыс істеуде.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ (ҚР ҚАӨМ) "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде іске асырылатын перспективалық жобаларыныӊ бірі "KazSat-2" ғарыш аппаратын жоспарлы ауыстыруға арналған "KazSat-2R" ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру" жобасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін меншікті байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесін құрудыӊ және дамытудыӊ іс жүзіндегі маӊызды және стратегиялық мәні бар. "KazSat" сериялы ғарыш аппараттарыныӊ ресурстары базасындағы спутниктік байланыс желілері елді қазіргі заманғы және сапалы байланыс қызметтерімен 100 % қамтумен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маӊызды міндетті орындап келеді.

"KazSat-2R" телекоммуникациялық спутнигін оны ҒА-ны пайдалануға берген сәттен бастап 86,5Иш.б позициясындағы ГСО-да орналастыра отырып, кем дегенде 15 жыл белсенді жұмыс істеу мерзімімен іске асыру жоспарланып отыр.

"KazSat-2R" ҒА ресурстары "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеӊберінде спутниктік байланыстыӊ бекітілген арналарын ұйымдастыру үшін қолданылатын болады. Бұл интернетке тегіс кеӊжолақты қолжетімділікті, соныӊ ішінде елдіӊ жетуі қиын селолық елді мекендерініӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ шекаралас мемлекеттердіӊ - Тәжікстанныӊ, Өзбекстанныӊ, Қырғызстанныӊ түпкі тұтынушыларына (мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар, корпоративтік және жеке секторлар) кейін телекоммуникациялық қызметтерді беру мақсаты да көзделіп отыр.

"РҒБО" АҚ бағдарламаныӊ әкімшісініӊ - ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетініӊ тапсырмасы бойынша 2016 жылы жобаны іске асыруға кірісті. Компанияныӊ мамандары инвестициялық ұсыныс әзірледі, оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мақұлдады. Қазіргі кезде "РҒБО" АҚ "KazSat-2" ғарыш аппаратын жоспарлы ауыстыру үшін "KazSat-2R" ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме және техникалық тапсырма әзірлеуде.

Қазіргі уақытта "KazSat-2" және "KazSat-3" ұлттық ғарыш аппараттары сәтті жұмыс істеп тұр, олардыӊ ресурстарын 15 спутниктік оператор пайдалануда, Қазақстанныӊ бүкіл аумағы бойынша спутниктік байланыстыӊ 11 000 астам жерүсті станциялары жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны