20.06.2008, 16:52 3086

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы энергиямен тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отыр

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы энергиямен тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отыр

Семей. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы энергиямен тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

"Туындаған проблеманы реттеу бойынша облыс әкімдігімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде компания өз тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз етуді жалғастыру және шығын болатынына қарамастан кВт/сағатына 4,324 теңге (ҚҚС есептемегенде) бағасында қалыптасатын қаражат аясында өз қызметін іске асыру жөнінде шешім қабылдады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта атқарушы органдардың ықпал етуінің арқасында облыстағы жағдай тұрақтанып келеді", - деп хабарлады "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны