29.05.2008, 19:30 3068

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып Серік Бүркітбаев тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ұлттық компанияның жаңа президентін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов таныстырды.

Үкімет басшысы ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның бұрынғы президентіне тындырған жұмысы үшін алғыс айтты.

"Ұзақбай Сүлейменұлы ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның президенті болып істеген жылдарда компания расында да тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Еуразиялық кеңістіктегі "мұнайгаз чемпионына" айналды", - деді Кәрім Мәсімов.

"Самұрық" холдингінің директорлары кеңесінің шешімімен Серік Бүркітбаев ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының президенті болып тағайындалды", -деді Кәрім Мәсімов оны компания ұжымына таныстыра отырып.

50 жастағы Серік Бүркітбаев Мәскеу инженерлік-физика институтын бітірген, түрлі жылдарда "Қазақтелеком" АҚ-ның президенті, ҚР көлік және коммуникациялар министрі, ел президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Кейінгі жылдары Қазақ мұнай және газ институтының директоры болып істеді. 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен "Самғау" Ұлттық ғылыми-технолгиялық холдингі" АҚ басқармаларының төрағасы болып тағайындалды.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Қазақстан президентінің жарлығымен 2002 жылы мұнайгаз кешенінің тиімді әрі транспарентті дамуын қамтамасыз ету және мұнайгаз секторында Қазақстанның мүддесін қорғау мақсатында құрылды. "ҚазМұнайГаз" 100% мемлекеттің үлесімен "Қазақойл"АҚ мен "Транспорт Нефти и Газа" АҚ-ның мұрагері болып табылады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" мұнай және газ конденсатын өндіру көлемін 9%-ға - 4,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты. 2008 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің жалпы көлемі 17,4 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны