26.12.2011, 10:12 3177

Қазмұнайгаз жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыстан босатылған мұнайшылпарды орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "ҚазМұнайГаз" компаниясы жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыстан шығарылған мұнайшыларды еңбекпен қамту үшін нақты ұсыныстар әзірлеуде.

Жаңаөзен. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазмұнайгаз жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыстан босатылған мұнайшылпарды орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "ҚазМұнайГаз" компаниясы жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыстан шығарылған мұнайшыларды еңбекпен қамту үшін нақты ұсыныстар әзірлеуде.

Бұл туралы кеше Жаңаөзен қаласында блогерлермен кездескен компанияның директоры Алик Айдарбаев мәлім етті.

"Ереуілдер кезінде шамамен 1000 адам жұмысқа келмей, ақыр соңында олар жұмыстан шығарылған еді. Ұжымның қалған бөлігі таусылмайтын талаптар жақсылыққа апармайтынын түсінген. Олар да өз тарапынан алаңдаушылық білдіріп, бұрынғы әріптестеріне жаны ашуда", - дейді А.Айдарбаев.

"Біз бүгін Президенттің тапсырмасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу мен осы адамдарды жұмысқа орналастырудың жаңа жолдарын іздейтін боламыз. Көптеген басшылармен жұмысшылармен қандай қарым-қатынас орнату керектігі бойынша семинарлар жүргізілмеген. Бұрын бұл мақсаттар үшін компанияда арнайы қаражат бөлінбеген. Енді осының барлығының орны толтырылады", - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз" басшысы.

Сонымен қатар ол "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" компаниясында Басқару кодексін құру қажеттілігі туралы айтты. Ұлттық компанияның басшысы мұнайшыларды еңбекпен қамту мәселесін шешуге егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

"Біз жұмыстан босап қалған мұнайшылармен кездесіп, қазіргі заманғы бұрғылау компаниясын ашатынымызды айттық, оның үстіне бұрғылау көлемін арттыру көзделіп отыр. Тек бағдарлама өзімізде бар нәрселерді қайталамайтын, қандай да бір инвесторларды тартатын жақсы бағдарлама болуы керек. Алайда бұл адамдар бұрынғы жұмысына қайтып барғылары келетінін айтуда, бірақ біз жұмысқа қабылданып қойған адамдарды шығарып жібере алмаймыз, себебі олар да жақсы жұмыс істеп жатыр. Кейбіреулері келісті, кейбіреулері әлі ойлануда. Барлығы 991 адам жұмыстан шығарылған. Келіспей отырған адамдармен біз үздіксіз байланыс орнатып, міндетті түрде бір ымыраға келеміз", - деп түсіндірді А.Айдарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін блог-тур аясында қазақстандық блогерлер Илішер Елікбаев, Бағлан Айдашев , Искандер Салиходжаев, Сабина Саденова, Қарлығаш Нұржанова, Жомарт Имірхановтар Жаңаөзендегі жағдаймен танысты. Блоггерлер Жаңаөзен тұрғындарымен кездесті, қала базарларындпа, кәсіпорындарды болды, тәртіпсіздік кезінде заодап шеккен кәсіпкерлермен және "Қазмұнайгаз" басшыларымен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны