14.09.2011, 16:12 3564

Қазнет пайдаланушыларының саны 6,5 миллион адамға дейін жетті

Қазақстанда Интернетті пайдаланушылардың саны 34 пайызға өсті және 6,5 миллион адамды құрады, деп хабарлады байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазнет пайдаланушыларының саны 6,5 миллион адамға дейін жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда Интернетті пайдаланушылардың саны 34 пайызға өсті және 6,5 миллион адамды құрады, деп хабарлады байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.

"Домендік атаулар саны 62 мыңға дейін өсті. Қазнет пайдаланушылар саны бүгінде 6,5 миллион адамға дейін өсіп отыр және қазақстандық сайттардың қаралу көрсеткіші 12,3 миллионға жетті", - деді министр Digital Communications Kazakhstan-2011 көрмесінің ашылуында.

Министрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда ағымдағы жылы интернет және мобильді байланыс қызметтерінің тарифтері арзандады.

"Егер көтерме интернет туралы айтар болсақ, тарифтер 65 пайызға төмендетілді, ал орташа абоненттік тариф туралы айтатын болсақ, 8 пайызға ғана ілгеріледік, бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек және қаңтарда (2012 жылы) біз операторларымызбен бірге өз клиенттерімізді біраз таңғалдырамыз ба деп отырмыз", -деді А. Жұмағалиев.

"Тарифтер кең жолақты интернетке қосылу үшін ғана емес, ұялы байланыс үшін де арзандатылып жатыр. Желі ішіндегі байланыс құны 33 пайызға, роуминг шегі 48 пайызға және интернетконнект бойынша 20 пайызға төмендетіліп, нәтижесінде интернет пайдаланушылардың саны 34 пайызға өсіп отыр", - деді министр.

А.Жұмағалиев сондай-ақ, 2015 жылға қарай Қазақстанда эфирдік сандық телевидениені тұтынушылардың саны 95 пайызды құрайтынын айтты.

"2012 жылдың алғашқы тоқсанында біз Алматы, Астана және Қарағанды тұрғындары үшін эфирлік сандық телевидениенің тиісті қызметтерін ұсынамыз деп жоспарлап отырмыз. 2015 жылға дейiн эфирлік сандық телевидениемен барлық елдi мекендердi қамтығалы жатырмыз және Қазақстан бойынша 95 пайызға көрсеткішке қол жеткіземіз", - деді байланыс министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны