09.09.2016, 09:30 2995

Қазпочта пошта және қаржы қызметтері порталыныӊ ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосты

"Қазпочта" АҚ хабарлағандай, бұл бағдарламаныӊ басты артықшылығы Қазпочтаныӊ пошталық және қаржы қызметтерін бір мобильді қосымшаға біріктіруінде.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ post.kz ұлттық пошта және қаржы қызметтері порталыныӊ ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды.

"Мобильді қосымша iOS және Android ақпараттық жүйелерінде қолжетімді. Қазіргі таӊда бағдарламаға порталда еӊ көп қолданатын қызметтер қосылған. Ал 2016 жылдыӊ соӊына дейін порталдыӊ барлық функцияларымен толықтыратын боламыз", - деді "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметініӊ басшысы Байрам Азизов.

"Қазпочта" АҚ хабарлағандай, бұл бағдарламаныӊ басты артықшылығы Қазпочтаныӊ пошталық және қаржы қызметтерін бір мобильді қосымшаға біріктіруінде. Бұл қосымшаға тіркелу арқылы клиент сәлемдемелерін трек нөмірмен бақылап, @post.kz домені бар электронды поштасын қолданып, ұялы телефонныӊ теӊгерімін толтырып, коммуналды төлемдерді іске асырып, онлайн түрде бөлімшедегі кезекке тұруға мүмкіндік ашады.

Мобильді қосымшаны қолданатындарға және барлық Қазпочта клиенттері үшін тәулік бойы 1499 нөмірі бойынша байланыс орталығы қолжетімді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны