10.09.2015, 14:22 3932

Қазпочта пошташыларына жаӊа униформа мен смартфондар ұсынылды

"Қазпочта" АҚ Астана поштамтыныӊ пошташыларына жаӊа кәсіби киім, сөмке және ұялы телефон ұсынғанын хабарлайды

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ Астана поштамтыныӊ пошташыларына жаӊа кәсіби киім, сөмке және ұялы телефон ұсынғанын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Форма сары және көк түсті суға төзімді материалдардан тігілген. Сондай-ақ жеӊдері мен шынтақтарында шағылдырғыш элементтері бар, ал арқасында "KAZPOST" жазуы белгіленген.

Cмартфонда, пошташыныӊ қағаз жұмысын азайту үшін, "Ходовик" атты арнайы бағдарлама орнатылған. Бағдарламаға дейін, қызметкерлер газеттер мен журналдарды жеткізгенінен кейін, бөлімшеге қайта келіп, квитанцияларды толтыруы қажет еді.

"Бүгіннен бастап, почтальон "Ходовик" бағдарламасы арқылы "жеткізілді" деген белгіні қойып, ақпаратты автоматты түрде ортақ жүйеге жіберіп, осылай қағазды жұмысты азайтады. Пошташылардыӊ пікіріне қарап, бағдарлама бүкіл Қазақстан бойынша пошташылардыӊ жұмысын нығайту үшін жаӊарып тұрады" - деп "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметініӊ жетекшісі Байрам Азизов бөлісті.

Сондай-ақ, жылдыӊ аяғына дейін, керекті мекенжайды іздеу үшін "Ходовик" бағдарламасына GPS-навигатор енгізу және ақпараты күнделікті жаӊартылып тұратын, келесі күнніӊ жұмыс бағыты белгілеу үшін сұрыптау орталығымен интеграция жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны