31.03.2008, 14:56 6754

"Қазпошта" республика аумағына ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарға арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарады

"Қазпошта" республика аумағына ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарға арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарады

Алматы. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазпошта" АҚ 2-сәуірде салтанатты түрде Қазақстан Республикасы аумағында пошта айналымына ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарға арналған көркем суретті пошта маркасын шығарады, деп хабарлайды агенттік "Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2-сәуір күні күрескер Жақсылық Үшкемпіров қазіргі Олимпиаданың нышанына қол тигізетін алғашқы қазақстандық спортшы болмақ. Осыған байланысты "Қазпошта" республика аумағына ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарға арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарады",- делінген хабарламада.

"Осы күннің айрықша мәнді оқиғасы - жөндеуден өткен Алматы почтамтының қабырғасында ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарға арналған көркем марканың салтанатты өшіру рәсімі болмақ. Бұл оқиға тек біздің мемлекетіміздің тарихына ғана емес сонымен қатар, бүкіл дүниежүзілік тарихқа кіретін болады. Естелік өшіру рәсіміне "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрмет Оразаев және Алматы қаласы бойынша Ақпарат және байланыс жөніндегі агенттігі басқармасы бастығы Талғат Ысмаилов қатысады",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы күні Қазақстан поштасының құрылғанына 15 жыл толуына байланысты, Алматы қаласында Алматы почтамты аумағында пошта аллеясы, мұражай және қазіргі заманға сай филателиялық салонның салтанатты ашылу рәсімі өткізілмек.

Компания оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жайлы орындықтары және почта тақырыбына байланысты көркем стендтары бар почта аллеясын сыйға тартады. Пошташылар бұл аллея пошта саласының ардагерлері кездесетін орын ғана болып қоймай, достар немесе ғашықтардың кездесетін орны немесе ыстық жазғы күні ағаштар көлеңкесінде дем алуға болатын орынға айналады деген сенімде.

Мұнда пошта ардагарлері поштада істеген жылдарды еске алса, жас ұрпақ біздің мемлекетіміздің тарихымен тығыз байланысты почта саласының қалыптасу және даму тарихымен таныса алады. Мұражай экспонаттары мен құжаттарын толықтыру жұмыстары әлі де жалғасады.

Қазақстандық филателистер үшін де сыйлық қарастырылды - жаңа филателиялық салон ашылады. Мұнда шағын нысанды өнер туындыларының әуескерлерімен бірге басқа да барлық қалаушылар жинала алады.

Мерекелік іс-шараларға почта саласының ардагерлері, шетел почта әкімшілік өкілдері, филателистер мен қала жұртшылығы қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны