11.07.2016, 14:56 3904

Қазпоштада Геннадий Головкинге арналған марка шығарылды

"Қазпошта" АҚ қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған бес маркадан тұратын пошталық топтаманыӊ айналымға енгізілгені туралы хабарлайды

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - "Қазпошта" АҚ қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған бес маркадан тұратын пошталық топтаманыӊ айналымға енгізілгені туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илемдегі еӊ атақты боксшылардыӊ бірі біздіӊ пошталық маркаларымызға шығарылды. Геннадий қазақстандық боксты насихаттау үшін және еліміздіӊ күллі әлемге танымал ету үшін өте көп дүниелер жасады. Маркаларды қазіргі кезден бастап компанияныӊ филателия салондары мен бөлімшілеріінен, және онлайн postmarket.kz дүкенінен сатып алуға болады" - деп хабарлады "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

"Спорт" сериясыныӊ "Қазақстан чемпиондары. Геннадий Головкин" тақырыбындағы бес маркадан тұратын пошталық топтама 4 бояудан тұратын офсеттік баспамен орындалған. Суретшісі К.Плужникова, топтамада бояуларды қорғайтын УФ - бекіту элементтері пайдаланылған. Топтаманыӊ өлшемі - 130х111 мм. Топтамадағы маркалардыӊ өлшемдері - 52 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 34 мм, 26 х 34 мм.

Топтамадағы пошталық маркалардыӊ номиналдары - "А" литерлері (121) теӊге - салмағы 20 грамға дейінгі заӊды тұлғаларға арналған жер үсті көлігімен тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді, "В" литерлері (200) теӊге - 20 грамға дейінгі жер үсті көлігімен ТМД елдеріне тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді, "С" литерлері (218) теӊге - салмағы 20 грамға дейінгі жер үсті көлігімен Қазақстан Республика аумағы бойынша тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді. Пошталық маркалар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Банкнот фабрикасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында басып шығарылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны