26.07.2006, 17:31 3276

"КазСат" жер серігі тұру жұмыс нүктесіне ауыстырылды

МИСКЕУ. 26 шілде. Kazakhstan Today. Алғашқы қазақстандық "КазCат" ғарыш аппараты тұру жұмыс нүктесіне ауыстырылды. Бұл жөнінде агенттікке "Роскосмос" Федералды ғарыш агенттігінен хабарлады.

"КазСат" шығыс ұзақтығының 103 градус тұру жұмыс нүктесіне қойылды. Қазіргі кезде жер серігінің борт жүйесі сынақ бағдарламасынан өтуде.

Осыған дейін айтылғандай, "КазСат" жер серігі 18 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған. Ұшыру сәтін Қазақстан және Ресей президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бақылады.

"КазСат" - қазақстандық алғашғы жер серігі. Оның техникалық мүмкіндігі 12,5 жылға есептелген, жер серігінің ресурсы ұшырылғаннан соң 3-5 жылдан кейін толықтырылады. Ғарыш аппараты 12 белсенді транспондермен жабдықталған, олардың төртеуі үздіксіз телехабар таратуды қамтамасыз етсе, сегізі БРТК Ku и БРТК 72 МГц жиілігінде белгіленген диапазонда байланыс орнатады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны