18.01.2017, 14:00 4478

"Қазтелерадио" АҚ Директорлар кеӊесініӊ құрамы өзгерді

Директорлар Кеӊесініӊ жаӊа мүшелері болып Хамитов Бекболат Сабитович және Чокин Таир Қанатұлы сайланды, сондай-ақ ол "Қазтелерадио"АҚ тәуелсіз директоры функцияларын орындайды.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазтелерадио" АҚ Директорлар кеӊесініӊ құрамы өзгерді,- деп компанияныӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

"Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг"АҚ жалғыз акционерініӊ шешімімен "Қазтелерадио" АҚ директорлар кеӊесініӊ мүшесі Тлешов Тлеужан Темиралиевич пен Директорлар Кеӊесініӊ төрағасы Сарсенов Сакен Сейтжаппаровичтіӊ өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Директорлар Кеӊесініӊ жаӊа мүшелері болып Хамитов Бекболат Сабитович және Чокин Таир Қанатұлы сайланды, сондай-ақ ол "Қазтелерадио"АҚ тәуелсіз директоры функцияларын орындайды.

Анықтама:

Хамитов Бекболат Сабитович

"Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары.

1995 жылы Республикалық физика-математикалық мектебін тәмамдады, Алматы қ.

2002 жылы Массачусетс университеті бакалавр ғылымы дәрежесін алды, Бостон, МА, АҚШ. Мамандығы - Менеджмент және Экономика.

Еӊбек жолын американдық Chevron мұнай-газ компаниясы нан бастаған.

2004-2008 жылдары "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқарушылық лауазымы.

2001 мен 2014 жылдар аралығында Қазақстан-Абу-Даби инвестициялық қоры, "Al Falah Investment Management (Kazakhstan)" ЖШС компаниясыныӊ Астана қаласындағы филиалын басқарған.

2014-2016 жылдары "Бағалы қағаздардыӊ бірыӊғай тіркеушісі"АҚбасқарды.

2017 жылы "Қазтелерадио" АҚ Директорлар Кеӊесініӊ мүшесі болып тағайындалды.

Чокин Таир Канатович

Директорлар Кеӊесініӊ мүшесі, "Қазтелерадио" АҚ Тәуелсіз Директоры.

2011 жылы THE WHARTON SCHOOL, UNIVERSITY OF PENNSYLVANIA(Филадельфия, АҚШ) тәмамдады.

2002-2006 жылдары KAZAKHSTAN INSTITUTE OF MANAGEMENT, ECONOMICS AND STRATEGIC RESEARCH (KIMEP) білім алды.

2016 жылдыӊ қаӊтар айынан "Қазтелерадио" АҚ Директорлар Кеӊесініӊ мүшесі- Тәуелсіз директоры болып тағайындалды.

2014 жылдан "Горное бюро" ЖШС жобалар бойынша Директоры лауазымында.

2009-2011 ж.ж. ROYAL BANK OF SCOTLAND (RBS)/ABN AMRO BANK аға трейд қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны