17.12.2018, 14:36 4758

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ы тұтынушыларға түзету коэффициентін негізсіз есептеуден түскен қаражатты қайтарады

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыныӊ қаулысымен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін, оныӊ ішінде тауар газ тұтынушыларға түзету коэффициенттерін негізсіз есептегені үшін 13 млн. теӊгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ы тұтынушыларға түзету коэффициентін негізсіз есептеуден түскен қаражатты қайтарады.

Еске салсақ, 2017 жылғы 14 ақпанда Астана қаласыныӊ Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотыныӊ (бұдан әрі - Астана қаласыныӊ МАИС) қаулысымен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін, оныӊ ішінде тауар газ тұтынушыларға түзету коэффициенттерін негізсіз есептегені үшін 13 млн. теӊгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сонымен бірге "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтынушыларына түзету коэффициенттерін есептеу тәжірибесін тоқтатуға, сондай-ақ 2012 жылдыӊ шілде айынан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға түзету коэффициентін есептеуден алынған қаржыны қайтару туралы нұсқама берілді (Монополияға қарсы органныӊ 2017 жылғы 1 ақпандағы нұсқамасы). "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ныӊ деректері бойынша қайтарылатын сома шамамен 268 млн. теӊгені құрайтын болатын.

Қаражатты қайтару бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеттіӊ (бұдан әрі - Монополияға қарсы комитет) нұсқамасын толық көлемде орындамағаны үшін, 2018 жылғы 30 мамырдағы Астана қаласыныӊ МАИС қаулысымен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ы 2,6 млн. теӊгеден астам әкімшілік айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Монополияға қарсы комитет "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ды тұтынушыларға қаражатты толығымен қайтаруға мәжбүрлеу туралы арызымен сотқа жүгінді.

2018 жылғы 3 қазандағы Астана қаласыныӊ Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ шешімімен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ды 2012 жылғы шілде айынан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға түзету коэффициентін есептеуден алынған қаржыны қайтару туралы нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу туралы монополияға қарсы органныӊ талаптары қанағаттандырылды.

2018 жылғы 5 желтоқсандағы сот шешімі заӊды күшіне енді.

Осыған байланысты, сот шешімі негізінде тұтынушылар 2012 жылғы шілде айынан бастап, түзету коэффициентін есептеуден алынған қаржыны қайтару мәселелері бойынша "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ныӊ тиісті өндірістік филиалдарына жүгінуге құқылы.

Сот шешімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныӊ ресми сайтында танысуға болады (http://sud.gov.kz).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны