12.10.2012, 14:39 3516

"ҚазТрансГаз" АҚ Тараздың газ тарату желілерін жаңғыртуға кірісті

"Жоба шеңберінде қаланың 900 км астам газ құбыры жаңғыртылады, газбен қамтудың екі сатылы жүйесіне өтеді, бұл тұтынушылардың газ қысымының жеткіліксіз болу проблемасын шешуге көмектеседі, жүйенің өткізу қабілетін арттырады, сондай-ақ газды дәл есептеуге мүмкіндік беретін термокорректорлармен және смарт картасы бар есептегіш құралдар пайдалануға жол ашады", делінген бүгінгі хабарламада.

Алматы. 12-қазан. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз" АҚ Тараздың газ тарату желілерін жаңғыртуға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жоба шеңберінде қаланың 900 км астам газ құбыры жаңғыртылады, газбен қамтудың екі сатылы жүйесіне өтеді, бұл тұтынушылардың газ қысымының жеткіліксіз болу проблемасын шешуге көмектеседі, жүйенің өткізу қабілетін арттырады, сондай-ақ газды дәл есептеуге мүмкіндік беретін термокорректорлармен және смарт картасы бар есептегіш құралдар пайдалануға жол ашады", делінген бүгінгі хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру қала тұрғындары мен кәсіпорындарын энергиямен қамтудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Жамбыл облысында ""Қордай" автоматты газ тарату станциясынан Шу қаласына дейін газ құбырын тарту" жобасы жүзеге асырылуда. Оның құрылысы биыл желтоқсанда аяқталмақ. Жобаны жүзеге асыру облыстық 25 елді мекенін, оның ішінде Шу қаласын газбен қамтуға мүмкіндік береді.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласында жұмысты жүйелендіру үшін құрылды және газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезіндегі активтерді корпоративтік басқару бойынша қызметті жүзеге асырады. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасмалдайтын, тарататын және газ өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен сервистік қызмет көрсететін ұйымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны