25.01.2018, 18:51 5175

ҚазҰМУ-дыӊ провост лауазымына Дайнюс Павалкис тағайындалды

Дайнюс Павалкис ғылыми-зерттеу, академиялық және клиникалық жұмыстар бойынша сұрақтарға жетекшілік ететін болады

Алматы. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚазҰМУ-дыӊ провост лауазымына (ҚазҰМУ-дыӊ бірінші проректоры болып) DAINIUS PAVALKIS тағайындалды. ҚазҰМУ-дыӊ жаӊа құрылымына сәйкес, Дайнюс Павалкис ғылыми-зерттеу, академиялық және клиникалық жұмыстар бойынша сұрақтарға жетекшілік ететін болады.

Dainius Pavalkis 1960 жылы 5 мамырда Литваныӊ Каунас қаласында дүниеге келген.

1978 жылы Каунас медицина институтыныӊжалпы медицина факультетін бітірді.

1990 жылы Мәскеудіӊ проктология ғылыми-зерттеу институтын (Ресей) және Литваныӊ Каунас медициналық институтын бітірді. Медицина ғылымдарыныӊ докторы.

1993 жылдыӊ қаӊтарынан қыркүйек айына дейін Лондондағы Сент-Марк ауруханасында хирург көмекшісі болып жұмыс істеді.

1995 жылы Литваныӊ Каунас медициналық академиясында доцент дәрежесін алды.

1995 жылы Литвадағы Каунас медициналық академиясыныӊ ассистенті болды.

1995 жылдыӊ қыркүйегінен қазан айына дейін Нью-Йорктегі Memorial Sloan-Ketting Cancer Center-да және Массачусетстіӊ Берлингтон қаласындағы Lahey Клиникасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

1997 жылдыӊ мамыр-маусым айларында Афинаныӊ AgiaSophia университетініӊ ауруханасында, және Erytheon университетініӊ ауруханасында, Португалияныӊ Coimbros университетініӊ ауруханасында интернатура өтті.

2009 жылы Каунас медицина университетініӊ профессоры, Литва.

1986-1993 жылдары Литваныӊ Каунас медицина институтында хирург көмекшісі болып жұмыс істеді.

1993-1995 жылдары Литваныӊ Каунас медицина академиясыныӊ бас дәрігері болып жұмыс істеді.

1995 жылдан 1997 жылға дейін Каунас медициналық университетініӊ ауруханасында және Литва Каунас аудандық ауруханасында бас хирург болып жұмыс істеді.

1997 жылдан 2007 жылға дейін Литваныӊ Каунас университеті ауруханасында хирургия кафедрасыныӊ меӊгерушісі болды.

1997 жылдан 2010 жылға дейін Литваныӊ Каунас Университеттік ауруханасында хирургия департаментініӊ коло-проктология бөлімініӊ бастығы болды.

2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін Литваныӊ Каунас университетініӊ ауруханасында хирургия кафедрасында профессор болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдар аралығында Литваныӊ Балтық-Америкалық ауруханасыныӊ жалпы медицина кафедрасыныӊ директоры болды.

2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін Литва денсаулық ғылымы университетінде профессор болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін Литва Республикасыныӊ Білім және ғылым министрі қызметін атқарды.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Литваныӊ Каунас клиникасыныӊ инновация және даму бөлімініӊ меӊгерушісі. Литва денсаулық ғылымы университетініӊ хирургия факультетініӊ профессоры.

Еуропа Комиссиясыныӊ Консультативтік тобыныӊ мүшесі RISE HL, зерттеу, инновация және ғылыми саясат жөніндегі сарапшылар тобы. SPH мүшесі, Еуропалық Комиссияныӊ денсаулық сақтау бойынша ғылыми тобы. Каунас қаласыныӊ мэрініӊ кеӊесшісі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны