04.07.2012, 09:01 3256

ҚазҰУ жекелеген пәндер бойынша әлемдегі 200 үздік ЖОО тізімен кірді

Олардың арасына бұрынғы кеңестік республикалардан 2 жоғары оқу орны ғана еніп отыр. Бұлар - Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

Алматы. 4-шілде. Kazakhstan Today - ҚазҰУ жекелеген пәндер бойынша әлемдегі 200 үздік ЖОО тізімен кірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлыбританияның QS Халықаралық рейтингтік агенттігі 2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200 топ-университеттердің тізімін жариялады.

Олардың арасына бұрынғы кеңестік республикалардан 2 жоғары оқу орны ғана еніп отыр. Бұлар - Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр бұл рейтингте Қазақстандағы жетекші ұлттық университет 700 жоғары оқу орны арасында 402-орын алған еді. Ал алдыңғы жылы 602-сатыда тұрған болатын. Көш басындағылармен арадағы арақашықтықты 2 жылдан бері тұрақты түрде айтарлықтай қысқартып келе жатқан ҚазҰУ ел Президентінің әлемдік топ-университеттер рейтингісіне ену тапсырмасын лайықты орындауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны