30.06.2015, 14:59 7609

ҚазҰУ ЖОО-ныӊ бухгалтериясындағы аляақтық туралы БАҚ-тағы жарияланымдарға түсіндірме берді

ҚазҰУ бірқатар БАҚ-та шыққан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыӊ бұрынғы бухгалтерларыныӊ заӊсыз әрекеттері туралы ақпаратқа орай түсіндірме берді

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - ҚазҰУ бірқатар БАҚ-та шыққан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыӊ бұрынғы бухгалтерларыныӊ заӊсыз әрекеттері туралы ақпаратқа орай түсіндірме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2014 жылдыӊ соӊында ҚазҰУ-дыӊ қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс нәтижесінде алаяқтық және студенттердіӊ бухгалтерия мамандары - С.Т. Жекенова, Д.Р. Тұрсынбекова, Б. Нұрланмен келісу арқылы оқу ақысын төлеуден жалтару фактісі анықталды. Бұл факті бойынша материалдар толығымен тез арада құқық қорғау органдарына жолданды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұрынғы ҚазҰУ басшылығы кезінде жұмысқа қабылданған олар 2008 жылдан бастап ақшалай қаражаттарды иемденуге байланысты заӊсыз алаяқтық әрекеттерін іске асырып келген. С.Т.Жекенова заӊсыз әрекеттердіӊ бастамашысы болып табылады, ол алғашында қаржы-шаруашылық қызмет бойынша бұрынғы проректор С. Шаяхметовтіӊ қабылдау бөлмесінде жұмыс істеп, кейін оныӊ ауыстыруымен бухгалтерияда маман қызметін атқарған.

ҚР БҒМ 2007 жылы бекіткен университет пен студент арасындағы үлгілік шарт бойынша, ЖОО-да білім алу үшін төленетін оқу ақысы қолма-қол ақшасыз банк арқылы банктік реквизиттері келісімшартта көрсетілген ҚазҰУ-дыӊ есепшотына төленуі тиіс.

ҚазҰУ-да қолма-қол ақшалай төлем жасауға қатаӊ тыйым салынғанына қарамастан, жоғарыда көрсетілген бухгалтерия қызметкерлері оӊай олжа табу мақсатымен таныс, дос және туған-туыс қатарындағы студенттерге оқу ақысы бойынша заӊсыз жеӊілдік алуды ұсынған. Олар студенттерден қолма-қол ақшалай қаражат алып, сосын иемденіп отырған. Өздерініӊ заӊсыз әрекетін жасыру мақсатында олар бухгалтерияныӊ электронды базасына рұқсаты болғандықтан, өзара келісімде бола отырып, өткен мерзіммен студенттердіӊ оқу ақысы төленгені туралы есептерге өтірік ақпарат енгізіп отырған.

Сондай-ақ қаржы ұрлау алаяқтық схемасын жүзеге асыруға студент Қыдырбай Исел Арабқызыныӊ қатысы бар екендігі туралы факт анықталды. Университетте "Қазмұнайгаз" БӨ АҚ гранты бойынша білім ала отырып, ол пайдакүнемдік мақсатта университет бухгалтериясыныӊ маманы Б.Нұрланмен келісімге келіп, әртүрлі банкте екі жеке шот ашқан. Сосын осы есепшоттарға "Қазмұнайгаздан" оқу үшін түскен қаржы заӊсыз аударылып отырған. Бұл барлық ақшалай қаржыны Исел Қыдырбай жеке есепшотынан шешіп отырғандықтан, ол алаяқтық әрекет пен ақшалай қаржы ұрлауға қатысушы ретінде күдіктенеді. Сондай-ақ И.А. Қыдырбай басқа студенттерден ақша жинауды ұйымдастырды және оны Б. Нұрланмен бірге иемденді деген күдік бар.

И.А. Қыдырбай банктік шоттардан ақшалай қаражат алғанын мойындай отырып, университет әкімшілігінен бірнеше рет ұрланған соманы қалпына келтіру және қайтару үшін уақыт беруді және мемлекеттік емтихандарды тапсырып, диплом жұмысын қорғауға мүмкіндік беруді өтінді. Университет әкімшілігініӊ оныӊ ұрланған соманы қайтару мерзімін созу туралы өтінішін қанағаттандырғанына қарамастан, И.А. Қыдырбай өз міндеттерін орындаған жоқ және БАҚ-та жариялаумен бопсалау және қоқан-лоққы жасау арқылы университет бітіргені туралы дипломды талап ете бастады.

Қазіргі таӊда бұрынғы бухгалтерия мамандарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық қатынастар факультетініӊ 4-курс студенті И.А. Қыдырбайға қатысты сотқа дейінгі тексеріс жүргізілуде.

БАҚ-та келтірілген қарыз студенттер саны шындыққа сәйкес келмейді. Бүгінгі таӊда студенттер оқу үшін қарыздарын толықтай өтеді. Оқу үшін қарызы бар 10-нан аспайтын студент жуық арада қарызды өтеу туралы жазбаша міндеттеме берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны