08.11.2011, 09:53 3633

ҚБД Астана қаласында инвестициялық конференция өткізеді

"Конференцияның жұмысына 200-ге жуық делегат, соның ішінде ҚР министрліктері мен ведомстволарының басшылары, облыстар мен қалалардың әкімдері, тәуелсіз бизнес қауымдастықтардың жетекшілері, халықаралық сарапшылар мен мамандар қатысады", - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз мәлемдемесінде.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан даму банкі 9-қараша күні Астана қаласында "Экономиканы модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру: жаңа шындық" атты инвестициялық конференция өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Конференцияның жұмысына 200-ге жуық делегат, соның ішінде ҚР министрліктері мен ведомстволарының басшылары, облыстар мен қалалардың әкімдері, тәуелсіз бизнес қауымдастықтардың жетекшілері, халықаралық сарапшылар мен мамандар қатысады", - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз мәлемдемесінде.

Шетелдік қонақтардың арасында Қытай экспорт-импорт банкінің, Ресейдің Сыртқы экономикалық банкінің, BNP Paribas, UBS, Deutsche Bank, PFC Energy International, GE Transportation, Citi Bank, Bank of Tokio Mitsubishi, Дүниежүзілік банктің, Еуропаның инвестициялық банкінің, Еуропаның қайта құру және даму банкінің, Италияның Cassa Depositi e Prestiti банкінің топ-менеджерлері бар.

Ақпаратқа сәйкес, шараның ашылуы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өтеді. Тақырыптық панельдік секциялардың модераторлары ҚР премьер-министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев және экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны