21.06.2007, 13:59 1606

"K'cell" компаниясына иелік ететін "Fintur Holdings B.V." компаниясының басшысы өз қызметінен кетті

АЛМАТЫ. 21 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстандағы ұялы байланыстың аса ірі операторы "K'cell" компаниясына иелік ететін "Fintur Holdings B.V." компаниясының басшысы Серкан Элден өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С. Элден компаниясының жетекшісі қызметін 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бері атқарған болатын. Ол Орта Азия мен Каспий аймағындағы алғашқы менеджмент көшбасшыларының бірі болды, Қазақстан мен Каспий аймағының халықаралық нарыққа шығуына және республикаға инвестиция тартуға белсенді жәрдемдесті. Kazakhstan Today агенттігіне белгілі болғандай, С. Элден Қазақстандағы аса ірі халықаралық бизнес-жобалардың одан әрі дамуына ықпал етуге бағытталған өз қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.

"Fintur Holdings" компаниясы "TeliaSonera" (58,55%) және "Turkcell" (41,45%) компанияларының бірлескен кәсіпорны болып табылады. "Fintur Holdings" компаниясы 1996 жылдан бері Еуразия кеңістігіндегі "TeliaSonera" компаниялар тобының операцияларын басқарады. Қазақстаннан басқа компания Изірбайжандағы (Azercell), Грузиядағы (Geocell) және Молдовадағы (Moldcell) жетекші ұялы операторлардың негізгі акционері болып табылады. Төрт мемлекеттегі жалпы абоненттер саны 6,8 миллион адамнан асады. Компания шамамен 2 мың қызметкерді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны