14.07.2018, 19:26 4518

Кеден бекетініӊ қызметкерлері "Донор бол-өмірге үміт сыйла" атты донорлық акциясын өткізді

Республикалық қан орталығыныӊ еӊ басты екі негізгі қызметі- донордыӊ және оныӊ қанынан дайындалған өнімніӊ қауіпсіздігі,сондықтан қайырымдылық орталық мамандары сауалнама толтыруды талап етеді. Дәрігерлік тексеруден қан тобы, резус-факторы және гемоглобин деӊгейі анықталып,қан зертханаға жіберіледі.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алмалы-КРО" кеден бекетініӊ қызметкерлері "Донор бол-өмірге үміт сыйла" атты еркін түрдегі донорлық акциясын өткізді, бұл акцияға қатысуда кедендік өкілдер де өз белсенділіктерін көрсетті.

Кездейсоқ түрлі апаттарға тап болып, ауыр жарақат алған адамдарға күрделі ота жасау кезінде және де онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға міндетті түрде қан құю жажеттілігі туындайды.

Міне,осыны ескерген кеденшілер игі іс атқарып, еркін түрде қан тапсырды. Ирі олар донор болуға лайықты болу үшін тұрақты түрде медициналық тексерістерден өтіп, салауатты өмір салтын сақтай отырып, денелерін үнемі шынықтырып отырады.

Республикалық қан орталығыныӊ еӊ басты екі негізгі қызметі- донордыӊ және оныӊ қанынан дайындалған өнімніӊ қауіпсіздігі,сондықтан қайырымдылық орталық мамандары сауалнама толтыруды талап етеді. Дәрігерлік тексеруден қан тобы, резус-факторы және гемоглобин деӊгейі анықталып,қан зертханаға жіберіледі.

Еӊ таӊдаулы дүниежүзілік өндірушілердіӊ бір ерттік пайдаланылатын залалсыздандырылған шағын материалдары қолданылады.Қызметкерлер тек жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы ғана жұмыс жасайды.

Аталған кеден бекеті соӊғы жылдары үнемі қан тапсыру орталығымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Сондықтан, қызметкерлер аталған акцияға қатыса отырып, еӊ алдымен, донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек беруді көздейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны