30.01.2012, 16:20 3367

Кеден қызметкерлерінің 80 пайыздан астамы құқық қорғау органы қызметкерлерінің санатынан шығарылатын болады

Кедендік бақылау комитетінің бөлімшелері атқаратын жұмыстар сарапталып, нәтижесінде өткен жылдың желтоқсан айында арнайы қаулы жобасы дайындалып, Үкіметтің қарауына енгізілді.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Кеден қызметкерлерінің 80 пайыздан астамы құқық қорғау органы қызметкерлерінің санатынан шығарылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомствоға қарасты Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Баймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Кедендік бақылау комитетінің бөлімшелері атқаратын жұмыстар сарапталып, нәтижесінде өткен жылдың желтоқсан айында арнайы қаулы жобасы дайындалып, Үкіметтің қарауына енгізілді.

"Онда кеден органдарының 83 пайызын құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатарынан алып тастау мәселесі қаралған. Егер қаулы күшіне енетін болса кеден саласының 17 пайызы ғана, аттестациядан өткен қызметкер болып қалады. Бұл дегеніңіз 1 мыңға да жетпейтін қызметкерлер",-деді С.Баймағамбетов.

Комитет төрағасының айтуынша, кеден саласы қызметкерлерінің 17 пайызынан өзгелері құқық қорғау органының қызметкері болып есептелмейді.

"Құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатарында саналатын азаматтарды аттестациядан өткізу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен кеден саласының құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін азаматтардың мәртебелері белгіленеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны