15.06.2017, 13:57 3052

"Кедергісіз келешек" кедергіні жеӊуі тиіс" деген ұранмен Ақай ауылындағы әлеуметтік мекемелердіӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделгеніне бақылау жүргізілді

Байқоӊырлық нұротандықтар "Кедергісіз келешек" кедергіні жеӊуі тиіс" деген ұранмен Ақай ауылына қарасты бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерініӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделгеніне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттары ілікті.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Байқоӊырлық нұротандықтар "Кедергісіз келешек" кедергіні жеӊуі тиіс" деген ұранмен Ақай ауылына қарасты бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерініӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделгеніне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттары ілікті.

- Елбасы, "Нұр Отан" партиясыныӊ төрағасы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүріп-тұру мүмкіндігін жақсарту мәселесіне әрдайым назарын аударып келеді. Осыған орай өӊірде 2016-2017 жылдарға арналған арнайы "Жол картасы" әзірленді. Сондықтан ғимараттарды қайта жабдықтауға қатысты бақылауды үнемі жалғастырып, жұмыстыӊ талапқа сәйкестігін тексереміз, - дейді қоғамдық бақылау тобыныӊ мүшесі, Байқоӊыр қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Жеӊіс Садықов.

Жұмыс тобыныӊ мүшелері Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттарыныӊ әлеуметтік бейімділігіне "қанағаттанарлық" деген баға қойды. Мәселен, 320 балаға шақталып салынған мектеп ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы автотұрақтар бар. Дегенмен білім ордасына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүріп-тұруға арналған пандустарды орналастыруда тиісті ережелер сақталмаған. Көмекке күтуші шақыруға арналған дыбыс батырмасы жұмыс істемейді.

Ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында автотұрақ, арнайы қызмет көрсету орны мүлдем жоқ. Мүгедектер үшін санитарлық аймақ та қолжетімсіз. Пандус бұрышы рұқсат етілген нормативтерге сай емес. Пандустыӊ ені және оныӊ тұтқалары ұстауға мүлде ыӊғайсыз. Жұмыс тобымен аталған кемшіліктерді түзету үшін мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар беріліп, қадағалауға алынды.

- Жыл басынан бері байқоӊырлық нұротандықтар 10 әлеуметтік нысанға бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру жұмыстары барысында анықтал-ған кемшіліктер бүгінде нәтижелі түрде жөнделіп жатыр. Алдағы уақытта кемғабыл жандар үшін барлық нысан қолжетімді болады деген үміттеміз, - дейді "Нұр Отан" партиясы Байқоӊыр қалалық филиалыныӊ консультанты Исет Мереков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны