03.07.2017, 14:25 4523

Кеген маӊында "Балуан Шолақ" фильмі үшін арнайы Қызылжар жәрмеӊкесі тұрғызылды

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Кеген ауылыныӊ маӊында "Балуан Шолақ" толықметражды көркем фильмі үшін арнайы Қызылжар жәрмеӊкесі тұрғызылды

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Кеген ауылыныӊ маӊында "Балуан Шолақ" толықметражды көркем фильмі үшін арнайы Қызылжар жәрмеӊкесі тұрғызылды. Бұл декорацияда режиссер Нұргелді Садығұлов бастаған түсірілім тобы фильмніӊ негізгі сахнасын түсіруде. Аты аӊызға айналған балуан осы жәрмеӊкеде Балуан Шолақ есіміне ие болады. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсіріп жатыр.

"Егер ол тек балуан болса, онда мен спортқа негізделген экшн фильм жасайтын едім. Ол тек халық композиторы болғанында, онда шығармашылықтыӊ адамы туралы лирикалық фильм түсірер едім. Алайда Балуан Шолақ "сегіз қырлы, бір сырлы" тұлға, бойына түрлі өнер дарыған адам болғандықтан, фильмде оныӊ образын көрсету қиынға соқпақ. Десе де осы фильмді көрермен алдына ұсыну үшін барымызды салып жатырмыз" - деді фильмніӊ режиссері Нұргелді Садығұлов.

Фильмніӊ қоюшы-суретшісі Ержан Сүлейменовтыӊ айтуы бойынша декорацияларды екі айдыӊ ішінде тұрғызған. Суретшілер департаменті жәрмеӊкені архив материалдары мен суреттер негізінде жасап шыққан. Басты кейіпкерлер - Балуан Шолақ, Ғалия, Балқадиша және Татьянаныӊ киімдері костюм жөніндегі суретші Меруерт Торыбаеваныӊ эскиздері бойынша тігілген. Реквизиторлар тобы кинода қолданылатын әрбір затты тыӊғылықты таӊдай білген.

Режиссер фильмніӊ бас кейіпкері - Балуан Шолақтыӊ рөліне актерді көп іздеген. Кастингке кәсіби актерлермен қатар спортшылар да қатысқан. Бірініӊ дене пішіні сәйкес келмесе, екіншілерініӊ образ жасауда шеберлігі жетпеген. Көп сынақтардан соӊ Балуан Шолақтыӊ рөліне актер Еркебұлан Дайыров бекітілген. Балуанныӊ образына сәйкес келуі үшін актер күрестен дәріс алып, он килограмм салмақ қосқан.

"Осы рөлге мені таӊдағаны үшін режиссерге алғысым шексіз. Ұлтымыздыӊ мақтанышына айналған Балуан Шолақтай тұлғаныӊ образын жасау - әркімге бұйыра бермейтін бақ. Бұл рөл физикалық және психологиялық тұрғыдан қиынға соғатынын жасырмаймын. Алайда, образды алып шығам деп сенем. Десе де, мен үшін еӊ қиыны - махаббат сахналары. Өйткені ондай сахналарды жасаудан ұялам" - деді Еркебұлан Дайыров.

Фильмге Еркебұлан Дайыровпен бірге еліміздіӊ танымал актері Болат Ибділманов пен жас актриса Жанел Мақажан түседі.

Естеріӊізге сала кетейік, киносценарий жазушы, драматург Дулат Исабековтыӊ М.Иуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған "Жаужүрек" пьесасыныӊ желісі бойынша жазылған.

Қазіргі таӊда фильмніӊ жартысы түсірілген. Көпшілік сахналарға үш жүзге жуық адам қатысқан. Кегендегі түсірілімдерден соӊ, түсіру тобы Көкшетау мен Павлодар қалаларына аттанады.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Сценарий авторы: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов

Қоюшы оператор: Р.Қосай

Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов

Киім суретшісі: М.Торыбаева

Арт-продюсері: С.Ибдіхалықов

Атқарушы продюсері: Б.Байназаров

Анықтама: Садығұлов Нұргелді Серікұлы

Білімі:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 - 2002жж.) Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері

С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 - 2010жж.)

Мамандығы: көркем фильм және ТВ режиссері

Фильмографиясы:

Деректі фильмдер: "Көкпар" 1998ж., "Отшельник поневоле" 1999ж., "Ковер" 2000ж., "Соғым" 2002ж., "Скрипка и виолончель" 2003ж., "Семейный дом Купкиных" 2004ж., "Түркістан" 2007ж., "Абай" 5 серия 2012ж., "Исабеков әлемі" 2013ж.

Көркем фильмдер: "Игрушки" 2007ж. "Молоко" 2009ж. "Кредитке махаббат" 2010ж. "Зұлмат", "Біздіӊ ауыл - во!" 2011ж.

Деректі фильмдер циклы:"Саят" 2005ж., Сериал "1 сынып" 2005ж., "Ипке" 2013ж., "Ұлт мақтанышы" 2013ж.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны