15.10.2012, 15:59 3020

"KEGOC" АҚ "Алма" подстанциясы мерзімінен бұрын пайдалануға бермек

"Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Бахытжан Қажиевпен жұмыс барысындағы кездесу өткізді. Компания басшысы үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде болған аварияға қатысы барлардың тиісті жазаларын алатындығын әкімге жеткізді. Б. Қажиев орын алған келеңсіздікке жол берген өндіріс жөніндегі вице -президентке шара берілетіндігін, тіпті кейбір қызметкерлердің жұмыстан шығарылатынын айтты", деп жазылған хабарламада.

Алматы. 15-қазан. Kazakhstan Today - "KEGOC" АҚ "Алма" подстанциясы мерзімінен бұрын пайдалануға бермек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "KEGOC " АҚ Алматыны энергиямен қамтамасыз етуді тұрақтандыруға уәде етті.

"Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Бахытжан Қажиевпен жұмыс барысындағы кездесу өткізді. Компания басшысы үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде болған аварияға қатысы барлардың тиісті жазаларын алатындығын әкімге жеткізді. Б. Қажиев орын алған келеңсіздікке жол берген өндіріс жөніндегі вице -президентке шара берілетіндігін, тіпті кейбір қызметкерлердің жұмыстан шығарылатынын айтты", деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 24 қыркүйегінде авария салдарынан Алматыдағы ЛЭП-500 подстанциясы жарық беруін тоқтатқан болатын. Тексеру барысында аварияның подстанцияда жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылардың кесірінен болғандығы анықталды. Соның салдарынан секцияда 220 кВттық келеңсіздік орын алып, электр жарығы сөніп қалған.

Ахметжан Есімов басты назарды қаланы еш кедергісіз энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге, жылу маусымы барысында мұндай апаттарға жол бермеуге аударды.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов пен Бахытжан Қажиев мегаполисті бұдан былай энергиямен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін сөз етті. "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы әкімге үстіміздегі жылдың желтоқсан айында "Алма" подстанциясын кезектен тыс іске қосуға уәде етті. "Алма" подстанциясы 500 және 200 кВт жұмысын бастаса қаланы электрэнергиясымен қамтамасыз ету 2 есеге артатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны