15.05.2008, 17:51 4936

KEGOC Экібастұз ГРЭС-2-де болған апатқа байланысты Шығыс Қазақстан облысына электр қуатын тасымалдауға күрт шектеу қойды

KEGOC Экібастұз ГРЭС-2-де болған апатқа байланысты Шығыс Қазақстан облысына электр қуатын тасымалдауға күрт шектеу қойды

Семей. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Экібастұз ГРЭС-2-де болған апатқа байланысты KEGOC Шығыс Қазақстан облысына электр қуатын тасымалдауға күрт шектеу қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шығыс-Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағанындай, ("ШҚ АЭК") апатты оқиға Ермак энергетикалық кешенінде болған, осыған байланысты бүгін сағат 15.00 KEGOC оның тасымалдауына шектеу енгізді"

Бүгінгі күні Семейдің 80% тұтынушылары электр жарығынсыз қалса, Өскеменнің 30 пайыз тұтынушысы осындай жағдайда тап болды. Ал Аягөз 100%, Риддер қалалары 70% электр қуатынсыз қалды.

Семейде телемұнара, қаласуарнасы толық электр қуатынан ажыратылып, осыған орай қала сусыз қалды.

" ШҚАЭК" баспасөз қызметі хабарлағанындай, "электр қуаты қашан берілетіні белгісіз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны