10.07.2009, 15:51 2398

Кейінгі уақыттағы барлық "атышулы" істер бойынша сот талқылаулары ашық өткізіледі - Жоғарғы сот

Кейінгі уақыттағы барлық "атышулы" істер бойынша сот талқылаулары ашық өткізіледі - Жоғарғы сот

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Кейінгі уақыттағы барлық "атышулы" істер бойынша сот талқылаулары ашық өткізіледі. Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбеков журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Заңда қарастырылған мемлекеттік құпияға қатысты жағдайлардан өзге барлық сот процестері ашық өткізіледі. Бұған дау жоқ", - деді М. Илімбеков.

Осы орайда ол: "сот үшін істердің саны аз болған сайын жақсы. Бірақ осындай істер пайда болып, олар соттарға жөнелтілген екен, біз оларды қандай ауыртпалық болмасын, қарауға міндеттіміз",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны