06.10.2016, 17:49 4400

Кейкі батырдыӊ бас сүйегі Қазақстанға қайтарылды

Бұған дейін Санкт-Петербург қаласында сақталып келген Кейкі батырдыӊ бас сүйегі бүгін таӊертеӊ Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today - Бұған дейін Санкт-Петербург қаласында сақталып келген Кейкі батырдыӊ бас сүйегі бүгін таӊертеӊ Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұлтазаттық қозғалысы көшбасшыларыныӊ бірі Кейкі батырдыӊ бас сүйегі елге қайтарылғаны туралы ақпаратты ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегілер растады. "Бұл ақпаратты бүгін вице-министр ресми түрде растады", деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Ресей тарапымен бас сүйекті Қазақстанға қайтаруға көп жылдан бері келіссөздер жүргізілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2016 жылғы 12 тамызда ҚР Үкіметініӊ басшысы Кәрім Мәсімов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесу барысында қазақтыӊ ұлтазаттық қозғалысы көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдыӊ бас сүйектерін Қазақстанға қайтару туралы мәселе көтерген. Дмитрий Медведев бұл мәселеніӊ басын ашып, сұрақты реттеуге уәде берген болатын.

Қыркүйек айыныӊ басында ҚР ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдіӊ мәдениет министрі Владимир Мединскиймен кездесу барысында Кейкі батырдыӊ басын және оныӊ жеті майдандас серіктерініӊ сүйектерін елге қайтару мүмкіндіктерін талқылаған. Олардыӊ бәрі Санкт-Петербург қаласындағы антропология және этнография мұражайында сақтаулы.

Арыстанбек Мұхамедиұлыныӊ айтуынша, Қазақстан ДезоксиРибонуклеинҚышқылы (ДНҚ) зерттеулерін жүргізу бойынша Венгриямен келісіп отыр. "Түрлі алыпқашпа әӊгімелер болмауы үшін, олар сүйектіӊ Кейкі батырға нақты тиесілілігін анықтап жатыр. Аты аӊызға айналған тұлғаныӊ тікелей ұрпақтары бар",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны