15.12.2016, 18:05 5156

Кейкі батырдыӊ бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Естеріӊізге салайық, Кейкі батырдыӊ бас сүйегі осы жылдыӊ 13 қазанында Будапешт қаласына зерттеуге жіберіліп, кейіннен Алматыға жеткізілген болатын.

Алматы. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Белгілі антрополог Андраш Жолт Биро аты аӊызға айналған Кейкі батырдыӊ бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today kazmuseum.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Кейкі батырдыӊ бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау желтоқсан айына белгіленген болатын.

Кеше Кейкі батырдыӊ бас сүйегініӊ қалыпқа келтірілген эскизі жарияланды.

Естеріӊізге салайық, Кейкі батырдыӊ бас сүйегі осы жылдыӊ 13 қазанында Будапешт қаласына зерттеуге жіберіліп, кейіннен Алматыға жеткізілген болатын.

"Бұл жоба Алматыдағы Орталық музейге тиесілі. Біздіӊ институтқа осы жобаны тапсырғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Мажарстанда бас сүйекті зерттеуге арналған заманауи технология мен қалыпқа келтіруге маманданған ғалымдар бар", - дейді зерттеу жүргізген мажарлық ғалым Биро.

Оныӊ айтуынша, Кейкі батырдыӊ бас сүйегі қазақтардыӊ басым көпшілігіне тән ортаазиялық топқа жататындығы анықталған.

Белгілі антрополог Андраш Жолт Биро аты аӊызға айналған Кейкі батырдыӊ бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстары жөнінде айтып берді.

"Қазіргі уақытта бас сүйектіӊ 95 пайызы қалыпқа келтірілді. Ғылыми антропологиялық зерттеулер аяқталды. Мұрты, сақалы, шашы мен құлағын анықтау жұмыстары ғана қалды. Бұл жұмыстар алдағы желтоқсан айында аяқталады", - деді Биро.

Ғалымныӊ айтуынша, мажарстандық институттыӊ еуропалықтардан басқа, ғұндар мен аварларға және басқа да көшпелі халықтарға тиесілі сүйектерді қайтадан қалпына келтіру тәжірибесі бар. Кейкініӊ бас сүйегін қалпына келтірумен Ибілхайыр ханныӊ сүйегін зерттеген тәжірибелі маман Агнеш Куштар айналысқан.

Сондай-ақ, зерттеу кезінде Кейкініӊ жасы мен қайтыс болған уақыты, алған жарақаты туралы да зерттеулер жүргізілген.

"Сараптама қорытындысына сүйенсек, кемінде жеті рет күрек немесе балға, кетпен тәрізді темір затпен ұрған. Бұл өте ауыр жарақат. Рентген арқылы зерттегенде үш жерден кесілгені де белгілі болды. Нақтырақ ғылыми арктильде бәрін көрсететін боламыз. Кейкініӊ бас сүйегініӊ сараптамасынан өте мығым, тістерініӊ өте жақсы болғанын, жасыныӊ 40-50 шамасында екенін білдік", - деді ғалым.

Оныӊ сөзіне қарағанда, желтоқсан айында қазақстандық делегация Мажарстанға барып, зерттеу қорытындысымен танысатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны