27.05.2019, 20:56 8389

"Келешекке парасыз барайық.Бірге!" атты мобильдік топ мүшелері БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі ұжымымен кездесу өткізді

Мобильдік топ мүшелері іс-шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру және оны арттыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басты жұмыс бағыттары туралы түсініктеме берді.

Орал. 27 мамыр. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаментінің жанындағы "Келешекке парасыз барайық.Бірге!" атты мобильдік тобының мүшелері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "РУ 170/2 мекемесі" РММ ұжымымен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық қызметі Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын талай әшкерелеген.

Мәселен, 2015 жылғы маусымда 684 000 теңге сомасындағы қаржыны жымқыру дерегі бойынша Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ 170/2 мекемесінің басшысы Ғабдушев 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

2016 жылғы наурызда Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Орал қалалық пробация қызметінің басшысы Нағметов шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату құжаттарын тездетіп рәсімдеу үшін 25 000 теңге сомасында пара алғаны үшін сотталып, айыппұл жүктеді.

2017 жылғы наурызда Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ 170/2 мекемесі басшысының міндетін атқарушы Шайхиев пен жедел уәкіл Баязитов шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босатуға септігін тигізгені үшін сотталушыдан 200 000 теңге мөлшерінде пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

2019 жылғы сәуірде Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қаржылық қамсыздандыру бөлімінің басшысы - бас есепшісі Дүйсенғалиева 6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Тергеу барысында белгілі болғанындай, ол 2017-2018 жылдар аралығында бухгалтерлік құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы 7 млн теңгеден астам сомадағы қаржыны жымқырғаны анықталған. Шығынның орны толтырылды.

Мобильдік топ мүшелері іс-шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру және оны арттыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басты жұмыс бағыттары туралы түсініктеме берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны