18.06.2012, 12:43 2860

Келесі жылдан бастап барлық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ағылшын тілі енгізіледі

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Келесі жылдан бастап барлық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ағылшын тілі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Баяндама барысында үштілді оқыту мәселесіне тоқталған министр, бұл бағытта мемлекетік тілде оқытуға баса назар аударылатынын атап өтті. "Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы, оны білу әрбір Қазақстан азаматының борышы деп білеміз", - дейді министр Б. Жұмағұлов.

Сонымен қатар, Елбасының "2020 жылы барша мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді білуі тиіс" деген міндетіне тоқталған ол, білім беру жүйесінің мақсаты осы тапсырманы орындау екендігін де айтты.

"Орыс тілі біздің ортақ байлығымыз, оны жоғалтпауымыз керек. Сонымен қатар, ғылымға, инновацияға, технология мен бизнеске жол ашатын ағылшын тілін біліп, үйренуіміз қажет. Қазірдің өзінде 33 мектепте бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылса, келесі жылдың қыркүйегінен бастап аталған тәжірибе барлық мектептерге енгізілетін болады", - дейді Б. Жұмағұлов.

Оның айтуынша, жекелеген пәндер кезең-кезеңімен ағылшын тілінде оқытыла бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны