06.03.2012, 10:19 3576

Келесі жылы Алматыда 6 жол айырығы пайдалануға беріледі

Олардың екеуінде қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалғанында құрылыс таяу күндері басталады, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Алматы. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Келесі жылы Алматыда 6 жол айырығы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Олардың екеуінде қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалғанында құрылыс таяу күндері басталады, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Бұл туралы бүгін Жолаушылар көлігі және автомобль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеді. Жол айрықтары Халиуллин көшесі мен Құлжа трактінде, Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесінде, Ил-фараби мен Розыбақиев қиылысында және Сайын Торайғыров пен Сайын - Жұбанов көшелерінің түйіскен жерлеріне салынады. Бұл жобаларға шамамен 30 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Құрылыс кезінде 120-дай үй бұзылып, 3600 ағаш кесіледі. Икімшілік мамандарының айтуынша кесілген ағаштардың өтемі ретінде қаланың өзге жерлеріне 10 мыңға жуық жасыл желек егіледі. Мамандар құрылысы басталған жол айырықтары қаладағы жол қозғалысын айтарлықтай реттейді деген сенімде. Бұл көпірлерден тәулігіне 160 мыңға жуық көлік өтеді деген жоспар бар.

"Биылғы жылы жолайырықтарының қозғалыстары ұйымдастырылады. Жылдың аяғында бітеміз деп айта алмаймын келесі жылы көгалдандыру жұмыстары тратуралар қалуы мүмкін. Келесі жылы аяқталады деп күтіп отырмыз", - деп мәлім етті Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма бастығының орынбасары Ғани Мырзахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны