22.09.2008, 11:10 1354

Келесі жылы Қызылордада ұшу-қону алаңы салынады - Ахметов

Келесі жылы Қызылордада ұшу-қону алаңы салынады - Ахметов

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Келесі жылы Қызылордада ұшу-қону алаңы салынады. Бұл туралы кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе халықаралық әуежайында болғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Келесі жылы Қызылордада ұшу-қону алаңы салынады. Концессия негізінде Ақтау қаласында жаңа әуежай мен терминал салына бастады, Атырауда жаңа терминал салынады деп күтілуде",- деді С.Ахметов.

"Елімізде 22 әуежай бар, оның 9 -ы халықаралық ИКАО стандарттарына сай", - деді министр.

"Келесі жылы біз Көкшетаудағы әуежайдың ұшу-қону алаңы мен терминалын реконстукциялауға кірісеміз. Онда "Бурабай" сауықтыру-туристік спорттық кешені болмақ. Осы кешенді дамыту үшін әуежай қажет, және бұл әуежай халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс", -деді көлік және коммуникациялар министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны