24.01.2017, 20:52 4832

Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті

Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы өзініӊ Фейсбектегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Құрметті достар! "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым. Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiӊ кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Еӊ бастысы - жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияныӊ болашағы зор!

Өзім үшін қазақ телевизиясыныӊ қара шаӊырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Ирiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!",- деп жазды Кемелбек Ойшыбаев өз парақшасында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны