14.08.2013, 15:43 9877

Кенесарының Атбасарды алған күні

Бүгін Кенесары хан бастаған әскердің Атбасар (Екатеринск) бекінісін алған күні

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Кенесары хан бастаған әскердің Атбасар (Екатеринск) бекінісін алған күні, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Baq.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

Кенесары хан бастаған көтерілістің өрлеп, Ресей империясына үрей туғызған 1844-45 жылдары көптеген бекіністерді басып алды. Атбасар бекінісіне толассыз шабуылдаған ханның әскері 1844 жылы 14 тамызда бекіністі өзіне қаратты. Осы уақытта Кенесарыға қарсы Ор бекінісі мен Ұлытау, Тобыл маңынан жиналған патша әскері жиналды.

1845 жылы Кенесары Ұлы жүзді бетке алды. Осы жылы қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алады. Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.

1846 жылы Кенесары мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Сарыбағыш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік тайпалары қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартты. 1846 жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Қамал түбегін басып алды, мақсаты - жау күшіне соққы беру және өз жағына жаңа ауылдарды тарту болды. Бұл кезде Кенесарының 10 000-дай жасағы болды, зеңбіректері бар еді.

1847 жылы сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Қырғыздармен соғыс Ыстықкөлдің тау шатқалы қойнауында, Шу өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті.

Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны