29.06.2009, 15:56 2904

Кеншілер қаза тапқан "Тентек" шахтасында арнаулы комиссия жұмысқа кірісті - ТЖД

Кеншілер қаза тапқан "Тентек" шахтасында арнаулы комиссия жұмысқа кірісті - ТЖД

Қарағанды. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін түнде газ шығу салдарынан кеншілер қаза тапқан "Тентек" шахтасында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Валерий Петров басқарған арнаулы комиссия жұмысқа кірісті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, апат шыққаны туралы хабар келе сала 15 минуттан кейін шахтаға "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің үш бөлімшесі келіп жетті. Шахтаға сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин, "АрселорМиттал" вице-президенті, компанияның Қазақстандағы кәсіпорындарының бас директоры Франк Паннир шұғыл түрде келіп жетті.

"Біз, баршамыз "Тентек" шахтасында болған оқиғаға қайғырамыз. Біз үшін бір адамнан айрылу - орны толмас шығын. Барлығымыз қаза тапқан әріптестерімізді қайғыра еске аламыз және туыстарына, жақындары мен "Тентек" шахтасы ұжымына көңіл айтамыз", - деді Ф. Паннир.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны