07.12.2016, 16:51 4228

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы барлық мемлекеттік мекеме күрделі жөндеуден өтіп, ғимараттары жаӊартылды

Ауылдыӊ бойына қайта қан жүгіртіп, көркіне көрік қосқан нысандар бұл ғана емес. Елбасыныӊ салауатты өмір салтын ұстану бағдарламасы аясында кіші футбол алаӊшасы пайдалануға берілді. Оны салудағы мақсат -жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, халықты бұқаралық спортқа баулу.

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы барлық мемлекеттік мекеме күрделі жөндеуден өтіп, ғимараттары жаӊартылды, - деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылы ажарланып келеді. Мұндағы барлық мемлекеттік мекеме күрделі жөндеуден өтіп, ғимараттары жаӊартылған болатын. Сондай-ақ, жол мәселесі де оӊ шешімін тауып, қала басшылығы енді халық демалатын аллея құрылысын қолға алған. Хантағыда 6500-ге тарта халық бар. Басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысса, енді біразы түрлі салада қызмет атқарады. Ауылдағы екі мектеп, бір ауыл клубы, бір балабақша мен амбулаториялық емхана ел игілігіне жарап тұр.

Ғимараттары мен жолы жөнделген ауылдыӊ орталығынан "ДАӉҚ" аллеясы бой көтеріп келеді. Нысанныӊ жалпы аумағы - 1100 шаршы метр. Гүлзардыӊ төрінде "Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды" деген монумент салынды. Оған бүгінгі бейбіт өмір мен алаӊсыз тіршілікті сыйға тартқан Соғыс ардагерлерініӊ есімдері жазылады.

Ауылдыӊ бойына қайта қан жүгіртіп, көркіне көрік қосқан нысандар бұл ғана емес. Елбасыныӊ салауатты өмір салтын ұстану бағдарламасы аясында кіші футбол алаӊшасы пайдалануға берілді. Оны салудағы мақсат -жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, халықты бұқаралық спортқа баулу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны