10.02.2012, 09:26 3928

Кентау қаласында жылу беру қалпына келтірілді

"Сәрсенбіден бастап көп қабатты үйлерге жылу тұрақты беріліп жатыр. Бейсенбі, 9 ақпан күні қалаға су жіберудегі температура +50 градус деңгейінде, таңғы 8-де +53 градус болған. Қайтуда - +39 градус", - деп хабарлады Кентау қаласының әкімі Нұржігіт Қалмырзаев.

Шымкент. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Кентау қаласында жылу беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сәрсенбіден бастап көп қабатты үйлерге жылу тұрақты беріліп жатыр. Бейсенбі, 9 ақпан күні қалаға су жіберудегі температура +50 градус деңгейінде, таңғы 8-де +53 градус болған. Қайтуда - +39 градус", - деп хабарлады Кентау қаласының әкімі Нұржігіт Қалмырзаев.

"Станцияда 2 қазандық тұрақты жұмыс істеуде. Бұдан басқа, қорға қойылу үшін қазандық дайындалып жатыр", - деп түсіндірді ОҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Дәурен Дүйсенбаев.

"ЖЭС-5 технологиялық режімде жұмыс істеп жатыр. Жағдай тұрақтандырылды. Қалаға жылу тұрақты жіберілуде. Тұрғындардың сұранымдарымен қаладағы аулаішілік және үйішілік жылу жүйелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп қосты ол.

ЖЭС-5-те қажетті отынның барлық түрлері бар. Қала қуаттылығы 20 мВт-тан астам электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Балабақшалар, мектептер және денсаулық сақтау нысандары автономдық шағын қазандықтарымен жылытылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Кентау қаласында 4 ақпан күні сағат түнгі үш жарымда ЖЭС-5-те күннің күрт суытуына (-30 градус) байланысты алты қазандыққа мазут жіберілмей қалды. Соның салдарынан 35 мың адам жылусыз қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны