09.02.2012, 12:47 3489

Кентау қаласындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда

"Бүгін таңертең №5 және №6 қазандықтар жұмыс істеп тұр. Суды жылыту бойлерлеріне берілген будың қысымы - 30 кг.с/см2, температурасы - 400 градус.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Кентау қаласындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында сенбі күні жылу жүйесінде болған апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

"Бүгін таңертең №5 және №6 қазандықтар жұмыс істеп тұр. Суды жылыту бойлерлеріне берілген будың қысымы - 30 кг.с/см2, температурасы - 400 градус.

"N7 қазандық біртіндеп іске қосылды", - деп бейсенбі күні ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 4-ақпан күні Кентауда 5-ші жыл орталығындағы бірнеше қазандық істен шығып, 1266 жер үй мен 326 көп қабатты үйдің 35 мыңнан астам тұрғыны жылусыз қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны