16.06.2008, 15:30 2912

Кентауда су құбыры желілерін ауыстыру жұмыстары басталды - телеарна

Кентауда су құбыры желілерін ауыстыру жұмыстары басталды - телеарна

Шымкент. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кентауда су құбыры желілерін ауыстыру және жаңалау жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

"Ауыз су" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Кентауда су құбыры желілерін ауыстыру және жаңалау жұмыстарына 1 млрд 156 млн теңге бөлінген. Қазір 100 млн теңге көлеміндегі бірінші транш аударылып, су құбырларын алмастыру жұмыстары қолға алынды.

Сонымен бірге, қала тұрғындарының пәтерлерінде есептегіш құралдар орнатыла бастады. Ол үшін Ресейден 14 мың 331 есептегіш құрал әкелінді. Бұл сан қаладағы әрбір пәтерде есептегіш құрал орнатуға жетеді. Оларды тұрғындар өз қаржысына сатып алуда.

Қазір Кентауда су құбыры желілері жарамсыз болып қалуға байланысты су таңертеңгі 6 мен 9 сағат аралығында ғана берілуде.

Кентауда 80 мың адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны