16.09.2016, 17:28 6327

Кентауда тұралап қалған кен өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігі қарастырылды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Кентау қаласына қарасты кеншілер ауылы Ащысайда болып, денсаулық сақтау, білім және мәдениет сынды бірқатар әлеуметтік нысандардыӊ жұмысымен танысты

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Кентау қаласына қарасты кеншілер ауылы Ащысайда болып, денсаулық сақтау, білім және мәдениет сынды бірқатар әлеуметтік нысандардыӊ жұмысымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша, облыс әкімі тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамтамасыз етуді және шағын және орта бизнесті дамытуды Кентау қаласыныӊ басшылығы мен ?леуметтік-к?сіпкерлік корпорациясына тапсырды.

Тау-кен металлургия кешені - бұл Қазақстан өнеркәсібініӊ барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларыныӊ бірі. Онда негізгі кәсіптегі 164,5 мыӊ адам жұмыспен қамтылған. Қазақстанда хром кенініӊ әлемдік қорыныӊ 30%-ы, марганец кенініӊ - 25%-ы, темір кенініӊ -10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордыӊ тиісінше 10% және 13%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасыныӊ жалпы геологиялық көмір қоры мен болжамды ресурстары 150 млрд. тоннаға бағаланады. Осылайша Қазақстан мырыш, вольфрам, және бариттіӊ барланған қоры бойынша бірінші орынды, күміс, қорғасын, хромиттер мен уран бойынша - екінші, мыс бойынша - үшінші, молибден бойынша - төртінші, кобальт бойынша - бесінші, алтын мен көмір бойынша алтыншы, алтын бойынша - жетінші орынды иемденеді. Менделеев кестесініӊ 105 элементі ішінде Қазақстанныӊ жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70 элемент бойынша қорлары барланған, 60-тан астам элемент өндіріледі.

Кентау байыту фабрикасы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Кентау қаласында "Шалқия" кенішінен 165 км қашықтықта орналасқан. Фабриканыӊ жобасы "Уралмеханобр"-мен кен бойынша жоғары өнімділігі жылына 4 млн тонна кенге арналып әзірленді. Фабрика 1965 жылы пайдалануға енгізілді. Фабриканыӊ шикізат көзі "Мырғалымсай" қорғасын-күміс-барит кендері, "Глубокая" қорғасын кендері, Аӊсай монобарит кендерініӊ кен орындары болып табылады. 1965-1995 жылдары аралығында Карағайлы, Жайрем, Шалқия, Мырғалымсай, Глубокая кен орындарыныӊ кендері, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Украина және т.б. кен орындарыныӊ қорғасын, мырыш, мыс, күміс және алтын құрамды өнеркәсіптік өнімдері, металлургиялық өндіріс қоқыстары мен Хантангы өӊдеу қалдықтарын сақтау қоймасыныӊ жатып қалған кек-құмдары өӊделіп келген.

Байыту фабрикасында келесі өнімдер алынған:

1. Қорғасын қойылтпасы;

2. Мырыш қойылтпасы;

3. Барит қойылтпасы;

2003- 2006 - Құны 3 млн. USD көлемінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары өткізілді;

2006-2007 - Құны 10 млн. USD тұратын барлық флотациялық машиналар ауыстырылып, фабрика жетілдірілді;

2008- Сорғы паркын ауыстыру, ізбес цехыныӊ құрылысы;

2004 - 2008 жж. аралығында байыту фабрикасында оныӊ шикізат қорын құрайтын "Шалқия" кен орныныӊ кендері, соныӊ ішінде екі ерекше қойылтпа түрлерін, қорғасын мен мырыш қойылтпаларын алу арқылы өӊдеу жүзеге асырылған. 2008 жылдыӊ қараша айынан бастап фабрика жұмысы тоқтатылған.

Негізгі өндірістік қорлар

Кентау байыту фабрикасыныӊ ғимараттары мен құрылыстарыныӊ жалпы көлемі 48 071 м2 құрайды. Жер телімініӊ ауданы - 11,99 га. Оныӊ ішінде: 7,1 га жеке меншік құқығы негізінде тиесілі, 4,89 га 2028 жылға дейін ұзақ мерзімді жалға алынған. КБФ аумағыныӊ бір бөлігі "Южполиметалл" ААҚ-ныӊ меншігінде, оныӊ ішінде: 6336 м2-діӊ 1440 м2 бас корпустыӊ ұсақтау бөлімі; 7722 м2-діӊ 2376 м2 бас корпустыӊ флотациялық бөлімі. "ШалкияЦинк ЛТД" ЖШС мен "Южполиметалл" ААҚ компанияларыныӊ меншігі арасындағы шекара цехтар бойынша өткізілген.

Байыту фабрикасыныӊ құрамына кіреді:

o Теміржол кірме жолдары;

o Кен қоймасы және жүк түсіру торабы;

o Орташа және ұсақ уақыту корпусы;

o Бас корпус;

o Сүзу корпусы;

o Сорғы станциясымен ашық қалыӊдату учаскесі;

o Реагенттерді дайындау корпусы;

o Зерттеу зертханасы;

o Химиялық зертхана;

o Икімшілік-тұрмыстық комбинат.

Фабрика аумағы күзетіледі. 2003-2004жж. аралығында фабрика аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары өткізілген. Ғимараттар мен құрылыстардыӊ жалпы күйі қанағаттанарлық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны