23.09.2016, 11:57 4668

Кентауда "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ шеӊберінде мәдени нысандарды жөндеуге 95,5 млн теӊге қарастырылды

Жыл басынан бері жалпы саны мәдени 431 іс-шара (оныӊ ішінде мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша 156, кітапханалар бойынша 275 іс-шара) ұйымдастырылып, оған 80 мыӊға жуық адам қамтылды

Кентау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентауда "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ шеӊберінде мәдени нысандарды жөндеуге 95,5 млн теӊге қарастырылды. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы және ағымдағы жыл жетістіктері бойынша облыстық әкімдікке жолдаған ақпаратында Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбаев баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағыты шеӊберінде Ащысай ауыл клубын ағымдағы жөндеуге - 36,2 млн. теӊге, Байылдыр ауыл клубын ағымдағы жөндеуге - 6,8 млн. теӊге, Хантағы ауыл клубын ағымдағы жөндеуге - 11,4 млн. теӊге, орталық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге 15,9 млн. теӊге, "Дружба" кинотеатры ғимаратын күрделі жөндеуге - 25,2 млн. теӊге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деді әкімніӊ орынбасары.

Оныӊ ақпаратына сәйкес, мәдениет саласында 1 қалалық мәдениет үйі мен 4 ауылдық клуб, 1 қалалық орталық және 1 қалалық балалар, 4 ауылдық кітапхана, 3 қалалық кітапхана филиалы, жалпы 14 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері жалпы саны мәдени 431 іс-шара (оныӊ ішінде мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша 156, кітапханалар бойынша 275 іс-шара) ұйымдастырылып, оған 80 мыӊға жуық адам қамтылды.

Спорт саласысна тоқсалсақ, спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 22165 адам, тұрғындардыӊ 23,5 % құрады.

Р.Мыӊбаевтыӊ айтуынша, 2016 жылдыӊ 7 айына бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 207 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, 11681 адам қамтылды.

"Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Ашысай ауылындағы спорт кешеніне 2016 жылға ағымдағы жөндеуге "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеӊберінде объектілерді жөндеу" бағдарламасымен Бокс мектебіне 13,9 млн. теӊге және Ащысай ауылындағы спорт кешеніне 12,3 млн. теӊге қаражат бөлінді",- деді әкімніӊ орынбасары.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Ащысай ауылындағы спорт кешені бойынша "Анар-Асем" ЖШС конкурс жеӊімпазы болып анықталды. Қазіргі таӊда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Туризм саласы бойынша, әкімдік ақпаратына сенсек, Кентау қаласыныӊ "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесініӊ экоағарту және туризм бөлімі 2016 жылдыӊ 6 айында 82 адамға туризм бойынша қызмет көрсетілген. Кентау қалалық музейіне 2016 жылдыӊ 6 айында 4468 адам келген.

Өӊірде қазіргі таӊда 1 туристік маршрут дайындалып отыр. Келушілер бұл бағыт бойынша "Хантағы Кемпіртас" ғылыми танымдық кешені - "Қаратау табиғаты" -Ханныӊ тағы - Жасарбұлақ- Құлжабай сайы - Тастыӊ бауы- Кемпіртас экскурсиялық соқпағы секілді жерлерді тамашалай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны