06.06.2008, 10:18 1447

Кеше Алматының барлық аудандарында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған шаралар өткізілді

Кеше Алматының барлық аудандарында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған шаралар өткізілді

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Алматының барлық аудандарында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған шаралар өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда жедел шешуді қажет ететін негізгі экологиялық проблемалар Семей полигонының экологияға, халық денсаулығына және уланған жерлердегі әлеуметтік шиеленіске тигізіп жатқан әсері; қазіргі уақыттағы радиациялық ахуал; сейсмикалық жағдай; жер асты суларының деңгейінің өзгеруі болып отыр", - деп айтылған хабарламада.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның радиациялық ахуалына Қытайдың Лобнор сынақ полигонының тигізіп отырған әсері экологтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Проблемалық мәселелердің қатарында жер асты суларының және Нұра өзенінің сынап қоспаларымен улануы, сондай-ақ, Ертіс өзенінің сынап тұздарымен улану қаупі аталды.

Сондай-ақ, мұнай кен орындарындағы су мен топырақтың улануына назар аударылды. "Жалпы алғанда, Батыс Қазақстанда төгілген мұнай мөлшері 5 млн тоннаны құрайды. Мұнаймен уланған жерлердің жалпы көлемі ең төменгі бағалаулар бойынша 194 мың гектарды құрайды", - деп көрсетілген хабарламада.

Тағы бір проблемалық экологиялық мәселе - бұл Байқоңыр ғарыш айлағының маңындағы озон қабатының бұзылуы мен апат нәтижесінде аумақтардың улануы деп атап айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны